-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

7 мыңға жуық мектеп пен колледжге буллингтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлағандай, еліміздің бірнеше өңірінде балаларды жәбірлеудің (буллинг) алдын алу және білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмыс принциптері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды.

«Жыл басынан бері буллингтің алдын алу бойынша жаңа ережелермен жұмыс істеу және оны тәжірибеге енгізу жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысы басталды. Қазір Астана қаласының, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының психологтарымен, әдіскерлерімен, әлеуметтік педагогтерімен, директорларымен, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен және ата-аналар қоғамымен онлайн кездесулер өтіп жатыр», — деп бөлісті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Балаларға құқықтық және психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету басқармасының бас сарапшысы Жібек Нұржан.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында балаларды жәбірлеудің (буллинг) алдын алу ережелері қабылданды. Онда білім алушылардың психологиялық жағдайын нығайту үшін мамандардың балалармен, ата-ана және мұғалімдермен жұмыс істеу алгоритмдері көрсетілген.

Бүгінгі таңда екі мыңнан астам вебинарға қатысушыға ережелерді пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.  Жоспар бойынша түсіндіру жұмысы жеті мыңнан астам мектеп пен колледж, оның ішінде ауылдық мектептерге жүргізіледі.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...