-3 C
Нур-Султан
22.03.2023

«Сауатым жоқ»: 42 жастағы әріп танымайтын келіншек «Әліппені» оқып жүр

Алматы облысында пәтер жалдар тұратын Талғат Кәстекбаев пен Жаңакүл Көшербаеваның үш баласы бар. Олар күн салқында киетін аяқ киім таба алмай, мектепке бара алмай отыр. Ал балалардың анасы 42 жасына дейін әріп танымаған, сауаты жоқ.

КТК телеарнасының «Дау-дамайсыз» бағдарламасынан белгілі болғандай, Жаңакүл 1981 жылы Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Шамамен 1988 жылы мектепке баруы керек болған. Алайда белгісіз себептермен оқымаған.

Әйелім 7 жасында анасынан айырылған. Әжесі, әкесі мен өгей анасының қолында өскен. Сауаты жоқ, әріп танымайды. Егер мүмкіншілік болса, кешкі мектепте болса да оқыса екен, — дейді отағасы.

Ал әйел әріп танып, сауатты болуды армандайтынын айтады.

Әріп танымаймын. Оқи да, жаза да алмаймын. Шыны керек, ешқандай әріп білмеймін. Әріп тану — менің өмірлік арманым. Қазір осының азабын тартып жатырмын. Қыздарым үшін де сауатты болғым келеді. Кезінде өзім оқымадым, ниет те болмаған шығар, — дейді Жаңакүл.

Бағдарлама жүргізушісі Гүлмира Әбіқай бұл мәселенің де шешімін тауып, Жаңакүлді оқу орталығының жетекшісіне тапсырды. Бұл орталық Жаңакүлді тегін оқытады.

Осылайша, өмірінде мектеп табалдырығын аттамаған әйел алғаш рет партаға отырып, «Әліппені» оқып жүр.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...