-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

«Масқара!»: 76 ата-ана ҰБТ-ға қатысты алаяққа алданып қалған

Алматыда мектеп түлектерінің ата-аналарын ондаған миллион теңгеге алдаған күдікті ұсталды.

22 жастағы күдікті өзін жоғары сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындайтын білім беру орталығының директоры ретінде хабарландыру таратқан.

«Келісімшарт ережесіне сәйкес, ата-анаға 238 мың теңгені бөліп төлеуге мүмкіндік берілген. Бұл ретте, бала тестілеуден өтпей қалса, «мұғалім» ақшаны қайтаруға уәде берген. Іс жүзінде – оқу орталығының негізін қалаушы бой тасалаған, ал балалар уәде етілген сабақтарын алмады. Ата-аналар полицияға көмек сұрап жүгінді», — делінген полиция мәліметінде.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Тергеудің қазіргі сатысында қылмыстық іс бойынша 76 жәбірленуші бар. Күдікті ұсталды және қамауда отыр», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...