Екібастұз қаласында мектеп оқушылары мен колледж студенттері бүгін де онлайнға көшірілді.
Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, 8 ақпан күні мектептер мен колледждерде білім беру қашықтан жүргізіледі. Балабақшалар кезекшілік топ режимінде жұмыс істейді.
Еске сала кетейік, жылу электр орталығынан келетін жылу температурасы төмендегендіктен Екібастұздың оқушылары мен студенттері кеше, 7 ақпан күні де үйден оқыған болатын.