-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Қыз баланы шашынан жұлқылаған балабақша қызметкері жазаланды

Әлеуметтік желілерде Қарағанды қаласындағы «Арман» балабақшасының бейнебақылау камераларынан алынған видео тарады. Бейнебақылау камераларынан белгілі болғандай, тәрбиеші кішкентай қызды шашынан жұлқылаған.

Зардап шеккен баланың ата-анасы мекеме қызметкері балаға қол көтерді деп шағымданған. Қалалық білім бөлімі қызметтік тексеру өткізіп, оның нәтижелерін жария етті.

«Құрметті ата-аналар! Қарағанды қаласының «Арман» балабақшасын тексеру аяқталды. Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша тәрбиешінің көмекшісі ҚР Еңбек кодексінің 49-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыстан шығарылды. Мектепке дейінгі ұйымның директорына қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Балаларға қатысты физикалық, моральдық және психологиялық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға жол берілмейтінін еске салғымыз келеді», — деп хабарлады Қарағанды қаласының білім бөлімі.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...