-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Аймағамбетов депутат болса, министрлер Парламентке құрғақ есеп бере алмайды

Кеше бұрынғы оқу-ағарту министрі Астанадағы Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 гимназияға барды. Бұл туралы мектеп директоры Аятжан Ахметжан өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Кеше мектепке министр емес, мәжіліс депутатына кандидат емес, жоғары оқу орнының оқытушысы ретінде бұйрығы әлі шығып үлгермеген жұмыссыз кісі келді.

Бүгін Аманат партиясы атынан депутаттыққа кандидаттар тізіміне кіріп, «Аманаттың» съезінің көркін қыздырып, білекті түріп тастап, баяндама жасап тұр.

Парламентке біреу заңгер бару керек дейді, біреу экономист бару керек дейді. Жоқ, Парламентке кәсіби білікті маман бару керек. Себебі, депутатта көмекші ұстау мүмкіндігі бар, заңгер де, экономист те көмекші ұстай алады. Бастысы бір салаға жетік маман болып, сол саладағы заңды шешімдерге әсер ету керек!

Askhat Aimagambetov кеше 3 жыл 7 ай министр болды. Министр ретінде іске асыратын жұмыстарында министрліктің жұмысы жүруі үшін, нақты нәтижелі жұмыстар болуы үшін нақты қандай заңдар өзгеруі, қабылдануы керек екенін сезінді деп ойлаймын. Енді соны іске асыру, жасау үшін парламентке барса құба құп.

Егер Аймағамбетов депутат болып жатса, жоғары білім және ғылым министрі де, оқу ағарту министрі де Парламентке құрғақ есеп бере алмайды. Себебі, ол жердегі барлық тірлікті біледі, сезеді, өткізбейді деп ойлаймын.

Қой,  Асекеңді қолдап отырып, мен де Ринат Зайтов құсап, Аманаттан бір-ақ шықпайын.

Жә, айтайын дегенім бұл емес еді. Асхат Қанатұлы министр кезінде ұлттық мектеп жұмысымен танысыңыз деген едім, мүмкіндігі болмады.

Кеше сол мүмкіндік туындап директорлық қызметтегі 2 жылда жасаған Ұлттық мектеп бағытындағы жұмыспен, алдағы жоспармен таныстырдым.

Біраз ой бөлістік, осындай кезде келгеніне қуандым. Себебі министр кезінде келсе, алдын ала қанша адам мазалар еді. Жай аралап, танысып, сәттілік тілеп кетті.

Жұмыстың бағасын Асхат Қанатұлы асықпай өзі бере жатар.

Біз алдағы сайлауда сәттілік тілеп, Парламент төрінен көрінуіне тілектестік білдіреміз», — деп жазды Аятжан Ахметжан.

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. Тамаша, керемет, Аятжан әріптес, сізде мықтысыз Асхат Қанат ұлының қасына баруыңыз керек. Алдағы сайлауда сәттілік тілеймін. Асхат мырза депутат болса, білім саласының өсіп өркендеуіне сенімім мол. Себебі, бастаған ісін аяқсыз қалдырмай, елдің ризашылығыга бөленетін нағыз елге жанашыр Азамат қой.

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...