Сайлау жұмыстарына ұстаздар заңсыз тартылатын болса, заңға сәйкес шара қабылданады. Бұл туралы экс-министр Асхат Аймағамбетов айтты.
Асхат Аймағамбетов алда келе жатқан Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауында мұғалімдер тағы да жұмысқа заңсыз тартылып жатса, қандай шаралар қабылдай алатынын айтты.
«Нақты фактілер болса, онда тиісті жұмысты қолға аламыз. Өйткені заңда мұғалімдерді өзінің міндетіне жатпайтын жұмыстарға тартпауға қатысты жауапкершілікті бекіттік. Егер қандай азамат болсын, яғни оның мамандығына қарамастан оны мәжбүрлеп, құқықтарына зиян келтіретін болса, онда, әрине, осы елдің азаматы ретінде оған тікелей араласамыз», — деп жауап берді Асхат Аймағамбетов.