-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Асхат Аймағамбетов жаңа қызметке тағайындалды

Асхат Аймағамбетов М.Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университетіне оқытушы ретінде қабылданды. Бұл туралы аталған ЖОО-ның баспасөз қызметі мәлім етті.

Оқу орнының хабарлауынша, Асхат Аймағамбетов бүгінгі күннен бастап М.Нәрікбаев атындағы KAZGUU университетінде дәріс оқиды.

«Түрлі ұсыныстар бар, тиісті жоспарларым бар екенін де жасырмаймын. Сұхбатта да айттым. Ол туралы нақты бір-екі күнде белгілі болады. Бірақ оқытушылық жұмысты қандай қызмет болса да бірге алып жүруге болады, сондықтан ағартушылық еңбегімді осылай бірге алып жүріп жалғастырамын» – деді Асхат Аймағамбетов.

-ЖАРНАМА-

54 КОММЕНТАРИИ

  1. Жүзі жылы, ниеті таза жан, оны өз іс әрекетпен дәлелдеп келді, оку ағарту бойынша қолдан келгенді жасады, жарайсыз, тек сәттілік тілейміз!

    • Қазаққа сіз сияқты ұстазды қолдайтын министр керек ақ еді. Амал қанша? Қайда жүрсеңіз де осы жолыңыздан таймаңыз. Адалдық, әділдік әрқашан ақ туыңыз болсын.
      Жаңа ісіңізге сәттілік.

  2. Сәттілік сізге , қазақтың маңдайына біткен бүгінгі заманның шамшырағысыз. Қайда жүрсеңіз де амандығыңыздв тіледім. Абыройыңыз асқақтай берсін, елімнің ақылды арысы.

  3. Асхат Айтмағанбетов бүкіл Қазақстан халқының ұстаздарының алғысын алған адамгершілігі мол қарапайым халқына жаққан жан .Ендігі істеріне табыс деніне саулық отбасына бақыт жұмыста сәттілік тілейміз

  4. Қандай қызмет болса да адалдықты ту етіп, жоспарларыңызды іске асыратыныңызға сенеміз. Сәттілік жаныңызға серік болсын! Ұстаздар қауымы шынымен Сізді қимайды, көңіліміз пәс. Болашағымыз не болар екен?! Тек аман-есен жүріңіз. Аллам өзіңізге жар болсын!

  5. Асхат Қанатұлы сәттілік серік болсын! Биік лауазымнан көрейік құдай каласа. Сіз лайыктысыз. Педагогтар әр кез қолдайды

  6. Сіздей шет тілін білетін, елі деп жүрегі соғатын, адал жансыз. Білімді ұстаздар қатары көбейсін деген түрлі жоспарларыңыз болып еді, әсіресе үш тілде жүргізуге бастау алған биология, химия, физика және информатика пәндерін ағылшын тілінде жүргізуге қолдап едіңіз. Бұл өте керемет жоба еді. Қазақтың жастары мектеп қабырғасында шетел тілін жеттік меңгеруге жол ашатын тың жоба еді. Сіздің осы жолында аяқталмай қалған жұмыстар қалып қалды. Амал қанша…. Тек сәттілік тілейміз. Сіз сияқты менің балаларым көреген болсын!!! Биік орыннан табылыңыз….

  7. Асхат Қанатұлы Сізге тек сәттілік, алар асуларыңыз көп, шығар шыңдарыңыз биік болсын! Сіз тек жақсылыққа лайықсыз.

  8. Асхат Қанатұлы еңбегіңізге сәттілік! Тарихта жақсы ісіңізбен қалатын халықтың қалаулы министрі болдыңыз, әле де қызметіңіз жоғарылай берсін, АЛЛА абырой берсін
    Сіздей ұл тәрбиелеген анаңызға мың алғыс!!!

  9. Бастаган исиниздин натижесин корсететин жансыз.Жогарыда отыратын кисинин биреуи единиз,алде де жогары жактан коремиз деген сенимдемин.Халыктын камын ойлаган азаматтын бирисиз.Жана жумысынызга саттилик тилеймин!!!

  10. Қимаймыз,шіркін тура сіз сияқты білімді министр бар ма,апта сайын жүргізіліп отырған еңбектеріңіз,сұхбаттарыңыз керемет еді.Адам баласы байлықпен емес,іскерлігімен,білімімен есімі өмір бойы өзгелердің көкейінде қалады.Сізді ешуақытта ұстаздар қауымы ұмытпайды.Бір есік жабылса,бір есік ашылады

  11. Асхат, қай қызметке қойсаң да ұлты үшін, қазақ үшін; ұлт пен ұлыстың болашағы үшін қызмет ететініне сенемін…

  12. Асхат Қанатұлы,сізге шын жүректен сәттілік тілеймін. Нағыз адамсыз!!Еңбегіңіз әрдайым бағалайтын.

  13. Ісіңізге сәттілік тілеймін. Сіз секілді адал азаматтар біздің елге қазіргі уақытта ауадай қажет.

  14. Асхат Қанатұлы, еңбегіңіздің жемісін көріңіз, педагогтар сізді әрдайым қолдайды!

  15. Жаңа жұмысынызға үлкен шығармашылық табыс тілеймін,сізге ата-аналар да,ұстаз қауымы да үлкен сеніммен арқа сүйеген едік.Білім саласына қосар үлесіңіз әлі мол болсын,ұлттың жаңашыл ұстазымыз,сәттілік серік болсын әр кез…

  16. Əр қадамыңызға сəттілік тілеймін. Ойға алған істеріңіз жүзеге аса берсін! Қазақстанның білімін дамыту үшін əр уақытта адал қызмет ететініңізге сенеміз!

  17. Бәрі жақсы, халыққа ұнады. Тек министр болған кезінде ұстаздарды тестпен қыспау керек еді. Ол жаңалығы ұстаздарға ұнамады. Шет елдің реформасы, жаңалықтаря олардык ғалымдарының біздік елдегі оқытуымызға білімімізге еш қптысы еш сәйкесі жоқ. Шет елдің ғалымдарының аттарын жаттатып басымызды қатырып қойды. Сол жаңалығы «ҚИСЫНСЫЗ» болды.

  18. Шет елдің оқыту әдістерін халықтың қыруар ақшасына сатып алады да бізге енгізудің текке қажеті жоқ. Одан да өз ағартушыларымыздың аты жөнін, жазған еңбектерін жаттамаймыз ба?? Жарық көрмеген қаншама біз білмейтін еңбектер жарық көрмей жатыр. Болашақ ұрпаққа өз ағартушыларымыз, өз батырларымыз керек. Шет елдің Выготский мен Мерсерін жаттата бергенше, қайдағы жоқты «қара жәшік'» өзін—өзі «бағалау» , қай жерір алсаң «бағалау» —деп миды ашытқанша Қанша ұстаздардың категриясынан түсіріп, қаншама жүйкемізді тоздырып кетті осы Аймағанбетов.

  19. Аймағанбетовтың жұмысы ұстаздарға ұнамады, қаншама ұстаздардың обалына қалды. Шет елдің қайдағы реформасын бюджеттен сатып алып, тестпен мұғалімдердің категориясын алып тастап, қиыншылық әкелді. Қаншама ұстаздардың көз жасына қалды.

  20. Асхат Қанатұлының әр бастаған бастамасына Алла жар болсын, Ахметтей ұлт ұстазы деп құрметтейміз сізді!

  21. Асхат Қанатұлы сөзіңіз нық, ісіңізге адалсыз. Қазақстанның туын биікке көтеретін патриот жанның бірісіз. Абыройыңыз асқақтап, биік белестерді әлі-ақ бағындырып, армандарыңыз орындалатынына сенеміз.

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...