-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Республикалық олимпиаданың екінші кезең қорытындысы шықты

Оған еліміздің 219 ауданынан (қалаларынан) 82 мыңнан аса оқушы қатысты.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық (қалалық) кезеңі 2023 жылдың 30 қаңтарынан 3 ақпан аралығында өтті. 82 мыңнан астам оқушы жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 15 пән бойынша сынға түсті.

Олимпиада «1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» қағидаты бойынша өтіп,  YouTube арнасында тікелей трансляция жүргізілді. Академиялық адалдық пен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар қабылданды. Тур нәтижелері мен олимпиадаға қатысушылардың жұмыстары жазылған хаттамалар Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облысттық білім басқармаларының, «Дарын» республикалық және өңірлік орталықтарының ресми сайттарында жарияланды. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде «Адалдық алаңы»  сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысты.

Республикалық олимпиаданың үшінші кезеңіне 15 616 оқушы өтті. Олар ақпан айының 13-18 аралығында бақ сынайтын болады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...