-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Оқушылардың таңғы асын қысқартып тастау дұрыс па?

Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Жұлдыз Сүлейменова оқушылардың таңғы асының қысқартылып тастауына қарсы. Ол бұл туралы «Ұлыссұхбатта» болған әңгіме барысында айтты.

«Өзім басқарған зияткерлік мектепте 1000 бала білім алды. Соның 800-і –  орта таптан шыққандар, ал 200-і әлеуметтік осал топтағы балалар болды. Олардың көздерінен от жанып тұрды, оқуға деген талпыныстары да мүлдем басқа. Ата-аналар балалардың таңғы, түскі астарын алып тастады деп жазғанда, көз алдымда сол 200 бала тұрды. АӘК алатын отбасылардың балалары таңғы асын қай жақтан ішеді? Алматы қаласын алып қарайық. Сағат сегізде басталатын сабаққа баруы үшін балалар кем дегенде алтыда шығуы керек. Мысалы, ол екі автобуспен жетуі мүмкін. Бір автобуспен жүрсе, 40-50 минуты жолға кетеді. Ол келгенше қарны ашады. Таңғы асын алып тастау дұрыс емес. Содан кейін мен Үкіметке хат жолдадым. Денсаулық сақтау министрлігінің таңғы, түскі асты алып тастауына негіздемесі бар ма деп сұрадым. Негіздемесі болмаса, бұл шешімге кім жауапты? Әлеуметтік наразылықтар туындап жатыр. Вице-премьер Ерұлан Жамаубаев қамқоршылық кеңесінің мүшесі екен, ол кісі бұл мәселеден хабардар. Наурыз-сәуірде бюджет нақтыланғанда, сол уақытта қаржыландыруын қарастырамыз дегендей бейресми уәдесін беріп жатыр. Қаржы министрлігі бұл жұмыспен айналысып жатыр. Бірақ дегенмен де біз 21 зияткерлік мектепті сақтап қалуға мүдделіміз. Бірақ дербес білім беру ұйымы бар, басқа орталықтары бар, шын мәнісінде олардың аудиті тексеріліп, халықтың алдында қаражат қайда, неге жұмсалды деп қарастырылуы керек. Бұл – халықтың салығынан кетіп жатқан қаражат. Оның артында ұлттық интеллектуалдық деңгейді қалыптастырып дамыту, адам капиталын дамыту мақсаты жатыр. Неге ауылдың балалары НЗМ-ға түсуі керек дегенді айтып жүрмін? Менің ойымша, ертең еңбек нарығын қалыптастырып, елдің экономикасын дамытатындар – ауылдың балалары. Сол ауылдың, дарынды, жалынды балалардың зияткерлік мектептерге келуіне жол ашу қажет», — деді экс-депутат.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...