Назарбаев зияткерлік мектептерінің атауына қатысты шешімді халық қабылдауы керек. Бұл туралы «Ұлыссұхбатты» Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Жұлдыз Сүлейменова журналист Самал Ибраевамен болған әңгіме барысында айтты.
Мектептің атауына қатысты шешімді халық шешуі керек. Конституциялық негізде биліктің негізгі күші халықта ғой. Халық НЗМ болмасын деп шешім қабылдаса, мен қолдаймын. Менің негізгі позициям – 21 НЗМ-ді сатап қалу. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын атаған мектептер балаларды білім деңгейі бойынша конкурстық негізде іріктеп алады. Олар – өте сапалы білім беретін халықаралық деңгейдегі білім беру ұйымы. Болашақта бәсекеге қабілетті болатындай етіп оқытатын білім ордасын сақтап қалуды ұлт жанашыры ретінде өзіміздің парызымыз деп есептеймін. Оқу-ағарту министрлігі құрылды, мұнда мектеп бағдарламасымен айналысатын үлкен комитет бар. Оның арнайы дербес білім беру ұйымы 21 НЗМ-ға республикалық бюджеттен қаржы бөлуі қисынсыз. Бірақ 21 мектепке, ондағы барлық ұстазға, балаларға жағдай жасауды қолға алу қажет, — деді экс-депутат.
Қазақ Зияткерлік Мектептері болып аталса