-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Түркия еліндегі «Turkiye Burslari» бағдарламасымен оқуға қалай түсуге болады?

Түркия стипендиялары – бұл тек қаржылай қолдау көрсететін мүмкіндік қана емес, сонымен қатар студенттерге жоспарланған бағдарлама бойынша университетке түсуге көмектесетін стипендиялық бағдарлама. Бұл мүмкіндік әлемдегі басқа стипендиялық бағдарламалардан ерекшеленеді. Осы бағдарламамен оқуға түскен білім алушылар үшін Түркияда бірқатар жеңілдіктер, атап айтсақ, әлеуметтік, мәдени және академиялық мектептен тыс бағдарламалар сияқты артықшылықтар қарастырылған.

«Turkiye Burslari» стипендиялық бағдарламасының талаптарын тізіп шығайық:

  • Бакалавриатқа түсетіндер үшін академиялық үлгерімі 70% және одан жоғары болуы қажет;
  • Магистратура және докторантураға түсетіндер үшін академиялық үлгерім 75% және одан жоғары болуы керек;
  • Денсаулық (медицина, стоматология және фармация) саласына түсетіндер үшін оқу үлгерімі 90% және одан жоғары болуы шарт.

Жас бойынша:

  • Бакалавриатқа: 21 жасқа дейінгі;
  • Магистратураға: 30 жасқа дейінгі;
  • Докторантураға: 35 жасқа дейінгі білім алушылар қабылданады.

«Turkiye Burslari» стипендиялық бағдарламасы бойынша қандай құжаттар тапсыру қажет?

  • Жеке басын куәландыратын құжат немесе төлқұжат;
  • Үміткердің соңғы фотосуреті;
  • Ұлттық емтихандардың нәтижелері (халықаралық біліктілік немесе сертификаттары болмаса);
  • Оқуды аяқтағаны туралы диплом немесе уақытша анықтама;
  • Халықаралық емтихандардың нәтижелері (университеттің немесе бағдарламаның талаптарына байланысты GRE, GMAT, DELF, YDS, YÖS);
  • Тіл білу тестісінің ұпайы (бағдарламаға немесе университетке байланысты);
  • Зерттеу ұсынысы және жазбаша жұмысыңыздың мысалы (тек PhD докторы үшін).

Бағдарлама қамтитын шығындар:

  • Тегін білім алу;
  • Ай сайынғы шәкіртақы: бакалаврлар — 1000 TL (шамамен 24600 тг), магистранттар — 1400 TL (шамамен 34500 тг), докторанттар 1800 TL (шамамен 44300 тг);
  • Елге үйге қайтқандағы бір реттік жол билетінің ақысы;
  • Медициналық сақтандыру;
  • Тегін жатын орын;
  • Тегін бір жылдық түрік тілі курсы.

Тіркелу үшін: https://tbbs.turkiyeburslari.gov.tr/auth/register

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20.02.2023 жылға дейін.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...