-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

НЗМ-ға бөлінген миллиардтаған ақшаның есебін беретін күн жетті

Бұл туралы  «Ұлыссұхбатта» Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Жұлдыз Сүлейменова айтты.

«Бөлініп жатқан миллиардтаған ақшаның есебін беретін күн жетті деп ойлаймын. Мұны айту керек, көрсету керек. Өйткені республикалық бюджеттен бөлінген қаражат бірінші қалың қазақтың баласының қамына жұмсалуы керек. Екінші балалардың алдында білім беріп жүрген ұстаздарымызға еңбегін ақтайтындай қаражат бөлінуі Қажет. Бүгінгі таңда оның екеуі де НЗМ-де орындалып Жүрген жоқ. Үкімет тарапынан зияткерлік мектептердегі қандай да бір проблема қоғамда көтерілсе, маған қандай да бір хат жазса, мен міндетті түрде Үкіметке жолдаймын. Бүгінгі таңда аталған білім беру ұйымы – дербес ұйым. Ол Оқу-ағарту министрлігіне бағынбайды, заңмен мәртебесі бекітілген. Сол статустың аясында ешкім тексеруге, сын-пікір айтуға хақысы жоқ. Сондықтан да менің ойымша, бұл – мемлекеттік мекеме ғой. Мемлекеттің ішіндегі қаражатқа қызмет етіп отырған білім беру ұйымы болғандықтан, бұл үйдің ішінен үй тікпеуі қажет. Орталық аппаратында төрт ұйым бар: білім беру бағдарламалар орталығы, педагогикалық шеберлік орталығы, педагогикалық өлшемдер орталығы, IT саласына қатысты ресурстық ортылығы. Бұның барлығы қазіргі таңда Оқу-ағарту министрлігіне қарасты ведомстволық ұйымдардың қызметін қайталайды. Сондықтан қайталап отырған қызметке қайтадан қаражат бөлудің қажеттілігі қанша? Бұл қаражат қаншалықты қисынды бөлініп жатыр? Менің ойымша, халықтың алдында есеп берілуі керек, тексеру қажет. Жұмсалған қаржының шын мәнідегі заңнамалық сараптамалық материалы қай жаққа кетіп жатыр? Содан кейін Парламентке,Үкіметке шақырылып, шешім қабылдансын», — деп пікір білдірді Жұлдыз Сүлейменова.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...