-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Енді Оксфорд ғалымдары еліміздегі ғылыми шараларға қатысады

Қазақ мемлекеттік заң университетінің Ислам құқығы орталығы мен Оксфорд Университетінің Ислам зерттеулері орталығы өзара ынтымақтастық туралы келісті. Қазақстандық зерттеушілер үшін Орталық Азияға қатысты қолжазбаларға қол жеткізуге мүмкіндік туады.

Биыл М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетің Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев, Университет провосты Сергей Пен және КАЗГЮУ Ислам құқығы орталығының басшысы Асқар Сабдин Оксфорд Университетінің Ислам зерттеулері орталығына (OXCIS) барды.

OXCIS директоры Др Фархан Ахмад Низамимен кездесу нәтижесінде Университеттің ғылыми қызметкерлері үшін өзара мақұлданған Жол картасы негізінде зерттеулер жүргізу бойынша келісім алынды. Бұған қоса Оксфорд Университетінің Ислам зерттеулері орталығының профессорлары мен қызметкерлері КАЗГЮУ Университетінің ғылыми шараларына қатысатын болады.

Оксфорд Университетінің Ислам зерттеулері орталығы Исламды, Ислам әлемін және Ислам өркениетін ғылыми тұрғыдан зерттеуді ынталандыру үшін 1985 жылы құрылған. Орталықтың негізгі қамқоршысы Король Чарльз III болса, Қамқоршылар Кеңесінің құрамына Оксфорд Университетінің өкілдерімен бірге бүкіл әлемнің көрнекті ғалымдары мен мемлекет қайраткерлері кіреді.

Бұл ынтымақтастық Қазақ құқығының негізі ретіндегі Ислам құқығы теориясы мен тәжірибесін терең зерттеу үшін Орталықтың сирек кездесетін ғылыми жазбаларына қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.

ҚазМЗУ-дың Ислам құқығы орталығы 2022 жылы құрылған.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...