-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Ауыл мұғалімдері 720 мың теңге алса, НЗМ педагогтарының жалақысы олардан екі есе төмен

Бұл туралы «Ұлыссұхбатта» Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Жұлдыз Сүлейменова білдірді

Осыдан 3 апта бұрын маған ата-аналар хабарласты, Фейсбукте қайта-қайтатегтеп жазды. 3-тоқсанда қаңтар айынан бастап, таңғы сегізден кешкі беске дейін толық күн тәртібінде білім алатын НЗМ оқушыларының таңғы асын және түскі асына бөлінген қаражатты ата-аналарға ескертпестен, балалармен, қоғаммен келіспестен, қысқартып тастаған. Бұл үлкен наразылық тудырып жатыр. Онда ығай-сығайдың балалары оқиды дегенге келіспеймін. Конкурстық іріктеуден өтетіндер – қазақтың қарапайым балалары. Білімін дәлелдеген, біліктілігін көрсеткен біраз бала – болашақта қазақтың атын шығаратын, осы мемлекеттің дамуына атсалысатын интеллектуалды біздің буынымыз. Менің ойымша, мектепті сақтау керек, бірақ бөлініп жатқан қомақты қаражаттың қайда жұмсалып жатқандығын, Кембриджге жұмсалса, қандай бағытта, қандай мақсатта немесе Нидерландыдағы педагогикалық өлшемдер орталығына жұмсалса, бұның қайтарымы қандай деген дүниелерге назар аудару керек. Жалпы НЗМ-да қамқоршылық кеңесі бар, басқармасы бар ол халықтың алдында жауап беруі керек. Өйткені қаражат, қайталап айтамын, халықтың қаражаты. Соңғы екі жылда орын алған мәселе НЗМ мұғалімдері қазіргі орта мектептердегі мұғалімдерден, қателеспесем, екі есе төмен айлық алады. Қаңтардың бірінен бастап (2023 жылдың – ред.) тағы да орта мектептердегі мұғалімдеріміздің жалақысын 25 пайызға көтердік. Ауылда тұратын ең жоғары педогогикалық шеберлігі бар және ең жоғары педогогикалық кәсібилікті меңгерген ауыл мұғалімі 720 мың теңге айлық алады. Ал НЗМ мұғалімдері бұдан екі есе төмен алады. Зияткерлік мектептерде жұмыс істеп жүріп, басқа мектепке ауысқысы келсе, онда басқа мектептерде бұлардың педогогикалық шеберлік деңгейлері ескерілмейді. Зияткерлік мектептері окладты жүйемен айлық төлейді, яғни Педагог мәртебесі заңы аясында, оның магистратураға, докторантураға төлененетін қосымша ақылары бар ғой. Соның біреуін де Зияткерлік мектептері алмайды. Сонда қаражаттың барлығы қайда кетіп жатыр? -деді Жұлдыз Сүлейменова.

-ЖАРНАМА-

3 КОММЕНТАРИИ

  1. “Ауылдық жерде 720 мың теңге” деген ақпарат шындыққа сәйкес емес, сағат саны өте аз, көрсетілген соманы 1,5 ставкадағы мұғалім ғана алады. Ал НЗМ -не бөлінген қаражаттың қайда кетіп жатқанын арнайы зерттеумен анықтаған жөн. Ондағы педагогтар осыған дейін өте жоғары жалақы алып келгені анық

  2. Мен педагог-шебер,1,5 ставкамен жүрген, стажымда жоғары ұстазбын 720 000 тг зарплатаны алып көрмеппін, осындай өтірік санды қайдан аласыздар? НЗМ мұғалімдері ежелден жәй мектепітң мұғалімдерінен жоғары алады.

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...