-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Назарбаев зияткерлік мектептеріне қаражат халықтың салығынан бөлінеді – Жұлдыз Сүлейменова

Мұндай пікірді «Ұлыссұхбатта» Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Жұлдыз Сүлейменова білдірді

«НЗМ-ға байланысты сыни пікірлер көптеп айтылып жүр. 2012 жылдан бастап арнайы дербес білім беру ұйымдарының мәртебесін анықтайтын заң қабылданғаннан бастап сын арагідік айтылып тұрды. Қазіргідей әлеуметтік наразылық тудыратын сын 1-2 жылда белең алып тұрғанын мойындау қажет. Иә, ол мектептерде 10 жылға жуық қызмет еттім. Қарапайым менеджерден бастап, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектеп директорына дейінгі жолды жүріп өттім. Зияткерлік мектеп жалпы қарапайым қазақ балаларын, оның ішінде дарынды балаларын іріктеп алып, оларға әлемдік деңгейдегі, кәсіби деңгейде бәсекеге қабілетті, өте сапалы білім беретін халықаралық деңгейдегі ұйым ретінде өзін мойындатты. Оны жыл сайын конкурсқа іріктеуге балаларын алып келіп жүрген ата-аналардан-ақ көруге болады. Экс-депутат ретінде айтарым, иә, республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат қомақты. Сонымен қатар, бұл – мемлекеттік мекеме. Негізгі құрылтайшысы – ҚР Үкіметі. Бөлінетін қаражат – халықтың қаражатынан, сіз бен біздің салығымыздан бөлінетін республикалық қаражат. Осы ретте, менің ойымша, жұмсалған қаражат туралы халықтың арасында, тіпті, сараптамалық медиа порталдарда сараптамалық материалдар жоқ. Менің ойымша, Жаңа Қазақстан, Әділетті Қазақстан құрамыз десек, онда осы зияткерлік мектептерге кетіп жатқан қаржы толыққанды халықтың алдында, оның негізгі құрылтайшысы – ҚР Үкіметі ашық айту керек. Өзім мектеп директоры болғандықтан, нақты білетінім, қаражат екі бағытта бөлінеді. Біріншісі – НЗМ-ді дамытуға арналған қаражат, үлкен қомақты қаржы. Екіншісі – білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға, яғни грантпен оқуға түскен балалардың сапалы білім алуына бөлінетін қаражат», — деді Жұлдыз Сүлейменова.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...