-3 C
Нур-Султан
22.03.2023

Асхат Аймағамбетов қызметінен абыроймен кетті ме?

«Зәулім коттедж, бизнесім жоқ. Университет, колледж, мектептерім жоқ. Мен қызметтен абыроймен кеттім». Мұндай пікірді ҚР Оқу-ағарту экс-министрі Асхат Аймағамбетов Нартай Аралбайұлының YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.

Аймағамбетов Нартай Аралбайұлының: «Колледж ашып алуға, жеке университет ашып алуға мүмкіндік болды. Қол қоятын өзіңіз. Мөр қолыңызда. Біреудің атына ашып тастап… Экс шенеуніктердің байлығын естігенде шок болып жатамыз» деген сұрағына былай жауап берді:

«Зәулім коттедж, бизнесім жоқ. Университет, колледж, мектептерім жоқ. 3 жыл 7 ай бойы күні-түні мемлекеттІк қызметпен айналыссаң, онда мұндай жеке басыңды ойлайтын уақыт болмайды», — деп жауап берді Аймағамбетов.

Асхат Қанатұлының айтуынша, қызметтен абыроймен кетуден асқан бақыт жоқ.

«Мен осы 3 жыл 7 ай бойы «Қызметке келу бір, ал қызметтен абыроймен кету бар» дегенді ешқашан есімнен шығарған  жоқпын. Президенттің сенімін ақтау, халықтың сенімін ақтау, ертең халықтың батасын алу… Қызметке келу оңай деп айта алмаймын. Бірақ қызметке келесің. Ең басты мәселе — сол қызметтен абыроймен кету. Мен қызметтен абыроймен кеттім деп шүкіршілік етемін. Бұл әр адам үшін үлкен бақыт деп санаймын. Сондықтан бұл тұрғыда ешқандай өкініш жоқ, болмауы да керек»,-  дейді Аймағамбетов.

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. Нағыз шынайы, қарапайым халықты ойлайтын министр. Бұл кісі жұмыссыз қалғаны несі? Осындай абыроймен өз міндетін атқарған басшы неге жұмыссыз? Халық не дейді екен…

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...