ҚР Оқу-ағарту экс-министрі Асхат Аймағамбетов қызметтен босатылғанын сол күні білген. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.
Ол журналистің “Отставкаға кететініңізді қашан білдіңіз?“ деген сұрағына жауап берді.
“4 қаңтар таңертең әріптестерімді жинап, 2023 жылы назар аударатын басты мәселелерге тоқталып, жиналыс өткіздік. Қызметтен босатылатынымды ресми түрде сол күні білдім. Түске дейін ақпарат келді. Түстен кейін әріптестеріммен қоштасып, заттарымды жинастырып, үйге қайттым. Бұл – саяси қызмет. Қызметтен кету туралы билік алдын ала ескертудің қажеті жоқ. Саяси қызметкерлер осындай жедел шешімдерге дайын болуы керек”, – деп жауап берді ол.
Еске салайық, Асхат Аймағамбетов 4 қаңтарда оқу-ағарту министрі қызметінен босатылған болатын.