-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Түлектер ЖОО-ның шекті балдарын қайдан біле алады?

Түлектер оқуға құжат тапсырмастан бұрын жоғары оқу орындарының шекті балын біліп алғаны жөн. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығынң директоры Руслан Емелбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, әр университеттің өз шекті балы болады. Бұл құқық оларға 3 жыл бұрын берілген.

«Бір оқушы математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді деп алайық. Ол ҰБТ-да жинаған 80 балымен ұлттық университетке ақылы бөлімге түскісі келеді. Өздеріңіз білетіндей, «Педагогикалық ғылымдарға» шекті балл – кемінде 75 балл, ал ұлттық ЖОО-ларда – кемінде 65 балл. Оқушының жинаған ұпайы жетіп тұр. Алайда, ол университетте оқушының оқығысы келген мамандықтағы шекті балы 85-тен басталады. Демек, оқушы шекті балын 80-ге дейін белгілеген университетті іздеу керек», — дейді Руслан Емелбаев.

Ал енді бұл балдарды алдын ала қайдан білуге болады? Оны университеттер өздерінің сайтына жариялайды немесе қабылдау комиссиясының жұмысы басталған уақытта кеңес береді.

Сонымен қатар арнайы талапкерлер үшін testcenter.kz сайтында және Telegram арнасында осы ақпарат ұсынылады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...