5 C
Нур-Султан
03.10.2023

Тест сұрақтарын саудалаған оқытушылар жұмыстан шығарылды

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 8 оқытушысы парақорлық әрекеті үшін жұмыстан шығарылды.

Олар соңғы бір жарым жылда студенттерден 5 мыңнан 400 мыңға дейін заңсыз ақша алған. Осы арқылы білім алушылар үшін емтихан тапсырып, сессиясын жауып берген. Тіпті тест сұрақтарын саудалап, өндірістік практикаға жоғары баға қойған.

Қызметін асыра пайдаланғандарды оқу орнының жанынан құрылған жемқорлыққа қарсы қызмет анықтады. Сөйтіп, келісімшарт біржақты бұзылды. 10 студент те оқудан шығарылды. Жауапты мамандар қазір тексерісті бірнеше есе күшейткен.

Енді студенттердің пара ұсынғаны анықталса, олар да елдің өзге университеттерінде білім алу құқығынан айырылады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Қазақстанда оқушылардың 60%-дан көбі сауатсыз — Дүниежүзілік банк

Дүниежүзілік банктің сарапшылары Қазақстанның мемлекеттік мектептерінде оқитын балалардың 64,2%-ы функционалдық сауатсыз деп мәлімдеді. "Қазақстан: инклюзивті және төзімді өсімге қол жеткізу үшін мемлекеттік қаржыны күшейту" ДБ...

ЖОО-ларда жасы 60-тан асқан қанша ғалым еңбек етеді

Қазақстанда 60 жастан асқан азаматтар, жалпы халық санының 13,2% құрайды Ұлттық статистика бюросына осылай хабарлады. Биыл жыл басындағы жағдай бойынша 60 және одан жоғары жас...

Біртұтас білім беру бағдарламасы әзірленді

Білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік жұмыс Біртұтас білім беру бағдарламасы негізінде жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Бағдарламаның мақсаты – жалпыадамзаттық және...

Астана мектептерінде 28 мың орын жетіспейді

Биыл Астанада 16 мың оқушы сыятын 11 мектеп салынады. Бұл туралы елорданың білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша әкімнің орынбасары Есет Байкен...

Астанада мектеп директорының үстінен іс қозғалды

Оқушы баспалдақтан құлаған мектеп директорына қылмыстық іс қозғалды. «Анасымен хабарласып отырмын. Қазіргі уақытта баланың жағдайы, орташа ауырлық деңгейінде, жақсарып келеді. Ақыл-есін біледі. Сұраққа жауап береді,...