18 C
Нур-Султан
21.09.2023

Назарбаев зияткерлік мектептері мен университетін қаржыландыру тәртібі өзгереді

Алдағы уақытта Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев университеті шығындарын арнайы қор жабады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

«Жыл сайын республикалық бюджеттен Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев университетін қаржыландыру азайып келеді. Осы орайда, арнайы эндаумент-қор құру қарастырлған және осы тұрғыда қаржыландыру іске асырылады. Jusan Bank аталған білім беру мекемелерін тікелей қаржыландыруы тиіс деген тұжырым мүлде дұрыс емес. Біріншіден, Jusan Bank басқа да екінші деңгейлі банктер сияқты коммерциялық бағытта қызмет етеді, яғни, халықтың қаражатын тартады, өзінің капиталын құрады, экономикаға несие бөледі. Өзінің табысы есебінен акционерлер дивиденттері өседі. Ал акционерлер өз қаражатын эндаумент-қор аясында Назарбаев зияткерлік мектептеріне бағыттай алады. Сондықтан Jusan Bank-тен тікелей қаржыландыру болмауы керек», — деді Ерұлан Жамаубаев.

Министр алдағы уақытта мектептер қалай қаржыландырылатынын айтты.

«Аталған оқу орындарына бөлінген қаражаттың басым бөлігі республикалық бюджет есебінен қарастырылып келді. Болашақта оқу орындарының шығындарын толықтай аталған қор жабатын болады», — деді министр.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...