31 C
Нур-Султан
02.06.2023

Елімізде қанша арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді?

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған жаңа оқулықтар кешені» атты тақырыпта брифинг өтті.

Онда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған оқулықтардың мазмұндылығын ашып айту, арнайы білім беру үшін педагог кадрлар даярлау, білім беру қызметтерінің сапасын қорытындылау мәселелері қозғалды.

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық-ғылыми-практикалық орталығы ғылыми-әдістемелік бөлімінің мамандары Брайль оқулықтары бойынша 14, нашар естейтін балаларға арналған 14 оқулық және зиятында жеңіл түрдегі бұзылыстары бар білім алушыларға арналған  8 оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуде.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 465 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде облыстар мен қалалар бойынша арнайы мектепке дейінгі ұйымдардың саны – 44, арнайы мектеп ұйымдары – 99, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері – 208, психологиялық медициналық педагогикалық кеңес орталықтары – 92, оңалту орталықтары – 13, autism  орталығы – 9.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...