-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Елорда мектептерінің асханаларында төлем картасы жүйесі енгізілмек

Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің асханаларында қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың карточкалық жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы Астана қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты.

Мұндай ақпараттық жүйе асханаларда тамақ пен буфет өнімдерін сатып алу, қоғамдық көлікте жүру және мектепке кіреберісте турникет арқылы өту бойынша қызметтерді қолданыстағы бір картаға біріктіреді.

Осының арқасында ата-аналар баланың мектеп асханасынан нені, қашан және қаншаға сатып алғанын, мектепте қай уақытта болғанын бақылай алады.

Бұл уақыт пен қаражатты айтарлықтай үнемдейді. Сонымен қатар ата-аналарға тек бақылауға ғана емес, сондай-ақ әр баланың оқу-тәрбие процесіне қатысуға мүмкіндік береді.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...