-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Елімізде алғаш рет жемқорлардан тәркіленген қаржы мектепке жұмсалды

Қазақстанда алғаш рет сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген қаражатқа салынған мектеп пайдалануға берілді. Осылайша Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылында 60 орындық мектеп бой көтерді.  Оған Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Есқали Саламатов қатысты. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Мемлекет басшысы жаңа мерзімдегі бірінші Жарлығында ауылдық аумақтарды дамытуға ерекше назар аударды. Осы тапсырманы орындау мақсатында 2022 жылы біздің өңірде ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» жобасы басталды. Жобаны қаржыландыруға 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Сондай-ақ, біз «БІЛІМ ALL» өңірлік жобасын бірінші болып іске қостық, оның аясында облыс бойынша 10 мыңнан астам оқушы, оның ішінде Құмжарған негізгі мектебінің 50 оқушысын Ақтөбенің үздік педагогтары оқытады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық мекемелердің халыққа қолжетімді ету және медициналық қызметтердің сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту мәселелері шешілуде. Ауылдағы әрбір тұрғын маңызды», — деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Есқали Саламатов ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген қаражатты мектеп салуға бағыттауды тапсырғанын алға тартты.

Тапсырманы орындау мақсатында Қазақстанда алғаш рет Құмжарған ауылында орта мектеп пайдалануға берілді. Оның құрылысына сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істерді тергеу кезінде өтелген қаражат пайдаланылды. Құрылысы ұзаққа созылған жобаны аяқтауға 150 млн теңге жұмсалды.

Әлеуметтік нысанның құрылысы 2018 жылы басталған, бірақ әртүрлі себептерге байланысты құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтап қалған.

Мектеп құрылысы 2022 жылы қайта қолға алынып, биылғы жылдың басында аяқталды. 1979 жылы салынған мектепте білім алған оқушылар енді ең заманауи жағдайлар жасалған, материалдық-техникалық базасы күшейтілген жаңа ғимаратта білім алады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...