17 C
Нур-Султан
09.06.2023

2022 жылы ЖОО түлектерінің 67% тұрақты жұмыспен қамтылған

Қазақстанда ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші – 79%. Бұл туралы Қазақстандағы ЖОО-лардың 2022 жылғы рейтингінде жазылған.

«2022 жылы түлектердің 67% тұрақты жұмыспен қамтылған. Түлектердің жұмысқа орналасуының орташа көрсеткіші – 79%, жұмыс іздеудің орташа ұзақтығы – 97 күн, яғни 3 айға дейін. Ал сұранысқа ие білім беру бағдарламалары бойынша – тіпті бір ай ішінде жұмыс табады», — деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, ЖОО-лар рейтингінде шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестік статистикасы бар. Білім беру бағдарламаларының 3,2% бойынша қос дипломды бағдарламалар, ал 1,6% бойынша шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен бірлескен бағдарламалар ұсынылған.

«Студенттерді сыртқы академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелдік ЖОО-ларда оқыту, яғни бір семестр немесе триместр ішінде оқыту мүмкіндіктері кеңейді. Конкурсқа қатысқан түлектердің 44% шетелде оқудан өтті. Ал түлектердің 11% магистратурада оқуын жалғастырған», — дейді спикер.

Білім беруді цифрландыру саласында қашықтан оқытуды қамтамасыз ету бойынша тұтас экожүйе қалыптасқан. Жоғары оқу орындарының 90% электрондық кітапханалармен, 95% — антиплагиатқа қарсы жүйемен, 98% — прокторинг жүйесімен қамтылған.

Айта кетейік, ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі елдегі ЖОО-лардың 2022 жылғы рейтингін жариялады. Бұл рейтингке сәйкес, жұмыс берушілер отандық білімге 67% қанағаттанады.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ақмолада 6 балабақша, 14 мектеп салынып жатыр

Ақмола облысында 85 мектептің жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан 8,6 млрд теңге бөлінді. Облыстағы білім ордаларының жай-күйі туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді. Оның айтуынша,...

Су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді

Су саласында сұранысқа ие пәндер бойынша жоғары білім алу үшін білім беру гранттарының санын ұлғаяды. Мұндай бастама Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға...

Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді

Түлек оқу бітірген соң Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады. Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін...

Ел мектептеріне енгізілуі мүмкін экология бағытындағы оқулық әзірленіп жатыр

Елордада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» жобасының іске асырылу барысы баяндалған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға экологтар, қаланың...

Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қазақстанда шахматты дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты. «Біз 2016...