-18 C
Нур-Султан
09.02.2023

Жаңа оқу-ағарту министрі Аймағамбетовтың «Алтын белгі» үміткерлері үшін енгізген талабын алып тастауы мүмкін

2022 жылдың мамыр айында бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов үздік белгіге үміткерлерді объективті және ашық бағалау үшін емтихандардың бірі тәуелсіз білім беру ұйымында өткізілетінін айтты.

«Алтын белгіге» үміткерлер НЗМ базасында математика бойынша емтихан тапсыруы тиіс деген талап алынып тасталады. Түзетулер жобасын «Ашық НҚА»порталында талқылау үшін ұсынылды, деп жазады stan.kz. 2022 жылдың мамыр айында бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов үздік белгіге үміткерлерді объективті және ашық бағалау үшін емтихандардың бірі тәуелсіз білім беру ұйымында өткізілетінін айтты. «Үміткерлер НЗМ негізінде математика емтиханын тапсыруы керек. Бұл шара тек академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін қабылданғанын түсіну маңызды. Бұл ретте НЗМ-ге тапсырушылар үшін де, жалпы білім беретін мектептер базасында тапсырушылар үшін де тапсырмалар бірдей болады», – деген еді Аймағамбетов.

Жаңа ережелер жобасында бұл талап «қорытынды аттестаттаудан өту кезінде білім алушыға қолайлы жағдай жасау мақсатында» алынып тасталады. Сонымен қатар, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 5-8, 10 сыныптарда қазақ тілінен емтихан тапсыру ұсынылғаны хабарланды. Сондай-ақ, ережеде БЖБ және ТЖБ үшін қорытынды балл қою кезінде оқу тапсырмалары мен міндеттерінің шарттарын белгілеу және ресімдеу ескерілмейтіні, мінез-құлық үшін баллдар төмендетілмейтіні нақтыланады. ТЖБ өткізер алдында педагогтар оқушылармен тапсырмалардың оқу мақсаттарына сәйкестігін, тапсырмалардың көлемін талқылап, оларды орындау үшін нұсқаулық беруі тиіс.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

7 мыңға жуық мектеп пен колледжге буллингтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлағандай, еліміздің бірнеше өңірінде балаларды жәбірлеудің (буллинг) алдын алу және білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмыс принциптері...

«Өліммен бетпе-бет келдік»: қазақстандық студент Түркиядағы жағдай туралы айтып берді

Нұрболат Кәрібай – қазір Түркияның Кайсері қаласында білім алып жүрген студенттің бірі. Анадолы жерінде отбасымен тұрып жатыр. Ол қаладағы жағдайды түсіндіріп өтті. «Түркияның Кайсері қаласында...

Атырау университетінде онлайн курс және вебинарлар жазу студиясы ашылды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Жаппай ашық онлайн курсы (MOOC) оқыту әдістемесі аясында онлайн курстар мен вебинарларды жазу бейнестудиясы мен IT сыныптары ашылды. «Бұл кабинет, біріншіден,...

«Сауатым жоқ»: 42 жастағы әріп танымайтын келіншек «Әліппені» оқып жүр

Алматы облысында пәтер жалдар тұратын Талғат Кәстекбаев пен Жаңакүл Көшербаеваның үш баласы бар. Олар күн салқында киетін аяқ киім таба алмай, мектепке бара алмай...

Қазақстандық ЖОО-лар Түркиядағы студенттерді қабылдауға дайын – министрлік

Қазақстандық жоғары оқу орындары Түркияда оқып жатқан ел азаматтарын және қандастарды қабылдауға дайын. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «ҚР Түркиядағы елшілігінің...