-18 C
Нур-Султан
07.12.2023

Қарағанды оқушылары 1 мамырдан бастап автобуста тегін жүретін болды

Қарағанды қоғамдық көліктерінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға тегін жол жүру осы жылдың 1 мамырынан бастап енгізіледі. Бұл туралы Қарағанды облысы көлік басқармасының басшысы Әлібек Дүйсембеков мәлімдеді.

Балаларға тегін жол жүру қалай және қашан енгізілетінін көлік басқармасының басшысы Әлібек Дүйсембеков түсіндірді.

Оның айтуынша, жақын арада балалар мен студенттер үшін жаңа көлік карталары іске қосылады, оларды валидаторға қосу қажет болады.

Бұл қоғамдық көлікті пайдаланатын балалардың санын тіркеу үшін қажет. Осы мәлімет бойынша кейін автопарктерге өтемақы төленеді.

«Қазір Қарағандыда азаматтардың 20 санаты тегін жол жүруге құқылы, бұл — 35 920 адам. Сондай-ақ, 50 теңгелік жеңілдікті тариф бойынша автопарктер зейнеткерлерді тасымалдайды, олардың саны — 46 175. Қарағанды облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Қарағандының 7 жастан 18 жасқа дейінгі барлық балаларына тегін жол жүру қамтамасыз етіледі. Бұл мәселе қазір пысықталып жатыр. Қазір біз балалар тізімін жасап жатырмыз. Әзірге бізде 110 000-ға жуық мектеп пен колледж оқушысы бар. Айта кету керек, бұл жеңілдік тек әлеуметтік жеңілдікке ұқсас схема бойынша картаны тексеру кезінде қолданылады. Яғни, ол тек көлік картасын қолданған кезде ғана қолданылады, өйткені болашақта ONAY! жүйесінің мәліметтері бойынша автопарктерге тасымалданған жолаушы үшін өтемақы төленеді», — деді Әлібек Дүйсембеков.

Осыған байланысты ата-аналар балаларын автобустарда карта қолдануды үйретуі керек. Егер бала картаны үйде ұмытып кетсе, оған жол ақысын төлеуге тура келеді. Ал балаларының ONAY! Картасында қалған қаражатты ата-аналар басқа картаға аудара алады немесе оператордың кеңсесінде қолма-қол ақшаға аударып ала алады.

«Балалардың көлік картасын рәсімдеу қажет. Мұны ONAY! нүктелерінде жасауға болады. Біз карта сатудың басталатын күнін қосымша хабарлаймыз. Сондай-ақ, жеңілдік тұрғылықты жері мен тіркелген жеріне қарамастан барлық балаға ұсынылады. Тек көлік картасы болуы және тексерілген жағдайда жарамды болуы тиіс. Мысалы, ол картаны басқа қалалардың балалары да сатып ала алады. Сондай-ақ, жеңілдікпен жол жүру мектеп пен студенттік демалыстарға қарамастан жыл бойы және күннің кез келген уақытында жарамды болатынын атап өтемін», — деді Әлібек Дүйсембеков.

Бұған дейін хабарланғандай, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 18 жасқа дейінгі оқушылар мен студенттер үшін қала бойынша тегін жол жүру мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.

Бұл шара отбасыларға, әсіресе көпбалалы отбасыларға үлкен қолдау, деді аймақ басшысы.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп директоры штатты өз еркімен өзгерте алады – заң

Білім бері ұйымдарының еркіндігі кеңейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...

Министр Ғани Бейсембаевтың отставкаға кетуін талап етеміз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТОҚАЕВ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОШАНОВ ЕРЛАН ЖАХАНҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМДЕРІНЕН АШЫҚ ХАТ Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! «Халық түзелуінің үміті жастарда, сондықтан...

Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріледі

Енді отандық ғалымдар ғылыммен айналысу үшін демалыс ала алады. «Ғылыммен айналысу үшін демалыс беру әлемде бар тәжірибе. Көп елдерде ғылым саласында 10 жылдан астам жұмыс...

Түркістан облысының ұстаздары Токиода тәжірибеден өтіп жатыр

Түркістан облысындағы үздік деп танылған 15 оқытушы Токиодағы білім саласының барысын зерттеп, тың тәжірибелермен танысуда. Жоба Жапония мемлекеті Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат...

Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім ошағының іргетасы қаланды

Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 300 орындық мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850...