-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Депутат соңғы қоңырауды басқа күнге ауыстыруды ұсынды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Аманжол Әлтай мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30 мамырға немесе 1 маусымға ауыстыруды сұрады.

«Елімізде 31 мамыр ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленді. Бұл күні алаш арыстарының рухына жасап жүрген құрметіміз олардың ескерткіштері мен мемориалдық орындарға гүл шоғын қоюдан аспай тұр. ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 363 бұйрығына сәйкес, орта білім беретін мектептердегі соңғы қоңырау 31 мамыр болып бекітіліп отыр. Алаш арыстарының аманатын ұрпақ санасына сіңіруге тиіс министрліктің 31 мамыр күнінің маңызына мән бермегені қандай өкінішті?! Арыстарымыздың рухына бір күнді де толық қимай, апыл-ғұпыл аза тұтқансып, іле-шала той тойлап, думандатып кете беретін болсақ, елдігіміз қайсы?! Сондықтан мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30 мамырға, не болмаса 1 маусымға ауыстыру керек. Бұл – ешқандай талқылауды қажет етпейтін әділетті талап», — деді А. Әлтай Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгіновтың атына жолдаған сауалында.

Осы орайда ол 31 мамыр азаттық үшін арпалысып өткен, мемлекет құру жолында мерт болған, ұлт әрі ұрпақ бақыты үшін азап шеккен асыл бабалар алдындағы парызымызды пайымдайтын, Алаш аманатына адал болуға құлшынатын күн екенін атап өтті.

«Үкімет осы күннің мән-маңызына, салмағына лайық іс-шараларды іске асыруға тиіс деп есептеймін. Біріншіден, «Жалпы халықтық үнсіз еске алу минуты» шарасы дәстүрлі өтуі керек. Сол сәтте ел аумағындағы бүкіл көлік қозғалыс тоқтап, бір минуттық үнсіздік арқылы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу қажет. Екіншіден, мектептердегі соңғы қоңырау күнін 31-мамырдан басқа күнге ауыстыру керек. Үшіншіден, телеарналарда әзіл-қалжың, шоу бағдарламалар, эстрадалық концерттер тоқтатылып, оның орнына ел тарихындағы қасіретті күндерді жас ұрпақтың жетік түсінуіне жол ашатын мазмұнды бағдарламалар көрсетілуге тиіс. Ақпарат құралдарында атаулы күннің тарихи салмағын, тағылымдық мағынасын жан-жақты жеткізетін мақалалар жариялансын. Дәл сол күні мейрамханаларда той өткізуге тыйым салынсын. Төртіншіден, 31 мамыр күні әр ата -ана отбасындағы тәлімді әңгімесін, ұстаз сабағын, дін өкілдері уағызын, министрлер мен әкімдіктер, мемлекеттік мекемелер жұмыс күнінің басын ашаршылық пен қуғын — сүргін құрбандарын еске еске алумен бастағаны дұрыс. Бесіншіден, балабақшалар мен мектептерде, жоғарғы оқу орындарында балалар мен жастарға арнаулы дәрістер, пікірлесу сағаттары, зиялы қауым және тарихшылармен кездесу кештері өткізуді жолға қою қажет», — деді депутат.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...