18 C
Нур-Султан
21.09.2023

Ақтөбеде алғашқы тірек мектеп жұмысы таныстырылды

Ақтөбенің Бестамақ ауылында тірек мектепті қайта жабдықтауға 250 млн теңге бөлінді. Мұндағы сынып бөлмелері жаңаланды.

Ақтөбе облысы Білім беруді тұрақты дамыту қорының «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасына қатысқан өңірдің бірі. Тірек ауылдар секілді, енді тірек мектептер өз нәтижесін бере бастайды. Жоба білім беру сапасын арттыруға, ауыл мектептеріне үздік педагогикалық тәжірибе мен тиімді әдістемелерді енгізуге және тірек мектептерді қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуге бағытталған. Осы жобаға енгізілген Алға ауданы Бестамақ ауылында алғашқы тірек мектеп таныстырылды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап Қазақстанда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Жобаның мақсаты – бірыңғай стандарт бойынша мектептер салу, ондағы орын тапшылығы мәселесін жүйелі шешу. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры қаржыландыратын «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» маңызды жобасы жұмыс істейді. Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту әдістемесін қолданған ауылдағы тірек мектептер облысымыздың тағы бірнеше ауданында пайда болады. Жобаны жүзеге асыру ауылда оқитын оқушыларға өздері тұратын жерде сапалы білім алуға, сондай-ақ білім беру ресурстарын шоғырландыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Білім беруді тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев өңір басшысына жоба аясында 27 оқу кабинеті мен қосымша білім беру шеберханалары жабдықталғанын айтып өтті. Қосымша STEM-зертхана, АРТ-студия, телестудия, оқушыларға арналған коворкинг аймағы бар кітапханамен жарақтандырылған.

Білім беруді тұрақты дамыту қоры және жоба серіктесі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мамандары мектептегі білім беру ортасы мен оқыту сапасын талдау жұмысын аяқтады. Мектепті дамыту, білім беру сапасын арттыру бағытында ұсынымдар әзірледі. Сондай-ақ мұғалімдерге қажетті біліктілікті арттыру курсболады. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тірек мектептерді жаңартып, қайта жабдықтауға «Қазақстан Халқына» қоры 250 млн теңге бөлді.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...

Әр өңірде IT мектептер болуы тиіс – Әлихан Смайылов

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов отандық IT саласын дамытудағы кедергілерді атады. «Білім беру ісі мен IT-инфрақұрылымды дұрыс, сауатты ұйымдастыра білу қажет. Біз жаһандық IT-нарықтың толыққанды мүшесі...