Home Редакция таңдауы Елорда әкімі 92 түлекке «Алтын белгі» төсбелгісін табыс етті

Елорда әкімі 92 түлекке «Алтын белгі» төсбелгісін табыс етті

0

Бүгін елордалық мектеп түлектері үшін мерейлі күн. «Қазақ елі» монументі алдында өткен шарада Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов барлық мектеп бітірушілерге ақжолтай тілегін айтып, 92 түлекке «Алтын белгі» төсбелгісін табыс етті.

Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі:

Алтын белгі«Өз басым сіздердің әлемнің озық көшінен қалмай, уақыттың талабынан талмай, талай табыстың биігінен көрінетіндеріңізге кәміл сенімдімін. Өйткені сіздердің бойларыңызда Астананың асқақ рухы мен жүректеріңізде Елбасының жаққан жалыны бар. Осыны естен шығармағайсыздар. Олай болса, осынау қуанышты күні баршаңызға тек сәттілік тілеймін. Өмір жолдарыңыз жарық болғай».

Еске салайық, биыл 4042 оқушының 3252-сі ҰБТ қатысты. Ал, 790 түлек қорытынды аттестаттауды дәстүрлі формада (мемлекеттік емтихан) тапсырды. Одан бөлек 362 халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жеңімпаздары бар.

Абылай Аймұрза, «Алтын белгі» иегері:

«11 жыл бойы оқып, «Алтын белгі» иегері атанғандықтан елімнің елеулі, халқымның қалаулысы боламын деп ойлаймын. Еліміздің игі істерін атқаратын азаматы боламын деп уәде беремін».

Назгүл Есен, «Алтын белгі» иегері:

«Бүгінгі күн біздің көңілімізді қуанышпен қатар қимас сезімге де толтырып отыр. Себебі 11 жыл білім алған алтын ұя мектеппен қоштасу біз үшін оңай емес».

Әлімхан Кабилдинов, «Алтын белгі» иегері:

«Мен 118 балл жинап, бүгінгі кеште «Алтын белгі» иегері болып отырмын. Иманғали Тасмағамбетов ағамыздың қолынан «Алтын белгі» алғанымызға өте қуаныштымын».

Қала әкімінің қолынан төсбелгі таққан түлектер қуанышында шек болмады. Асқақ арманы мен мақсат-мұраты көп жастар енді мектепте алған білімді жоғары оқу орнында шыңдап, елі үшін қызмет етуге ант берді. Шара соңы түлектердің ән, биіне ұласты.

http://astana.gov.kz

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here