Home Жаңалық Туғанына 100 жыл: елордадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың аты берілді

Туғанына 100 жыл: елордадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың аты берілді

0

Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына биыл 100 жыл. Жеңіс күні қарсаңында даңқты ердің есімі елордадағы №44 мектепке берілді.

Мектепте мемориалды ескерткіш тақта мен әскери сынып ашылды. Ерлігі баршаға аян қаһарманның есімі осылай ұлықталды.

Фото: Kazinform

“Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген қазақта мақал бар. Сол сияқты біздің миссиямыз – өскелең ұрпақтарымызды патриоттық тәрбиеге баулу”, – деді Рақымжан Қошқарбаев атындағы №44 мектеп директоры Ләззат Құлтаева.

Салтанатты іс-шараға батырдың туыстары да қатысты. Олар бұл сәтті көп күткенін айтады. Айбынды ердің көзі тірісінде сый-құрмет былай тұрсын, ерлігі ескерілмегендігі де айтылып қалды.

Фото: Kazinform

“Туды тіккенде қаһарман атын берді ғой. Батырлықты берген жоқ. Бермегені – әкесі Қошқарбайды кулак деп, враг народа деп, атамыздың жерін алып қойған да, кәрі кісі болған. Жабуға жарамаған. Енді біреуді жабу керек қой. Атасы Қошқарбайды алып кеткен”, – деді Қошқарбаевтың келіні Қалам Темірова.

Рақымжан Қошқарбаев көзі тірісінде өзі жайында айтып, жария қылмаған. Содан тарих барынша бұрмаланып, ерлігі ескерілмей келді. Ол өмірден өткеннен кейін араға тек 11 жыл салып, батырға “Халық Қаһарманы” атағы берілді.

Фото: Kazinform

“Өмірі айтпайтын. Соғыс туралы сөзді бөліп жіберетін. Соғыс туралы сендер айтпаңдаршы, көрмеңдерші. Сендер білмей-ақ қойыңдаршы деп. Мен өзімнің патриоттық борышымды орындадым. Маған бұйрық берді. Мен бұйрықты орындадым дейтін”, – деді Қошқарбаевтың немере қарындасы Маржан Нұрмағанбетова.

Биыл ел бойынша Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Осыған орай, соғыс ардагерінің өмірінен сыр шертетін көрмелер ашылады. Ал жақында Ақмола облысы Тайтөбе ауылында батырдың бюстін орнату жоспарда бар. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті тарихи тұлғаларды құрметтеу маңызды екенін айтқан болатын.

“Айбын ордені кәдімгі әскери ерлігі үшін берілетін орден. Оның үлкен символдық мәні бар деп айтуға болады. Біз өзіміздің тарихи Қазақстанның мұрагері ретінде біздің батырларымыздың мұрагері деп көрсетіп жатырмыз”, – деді Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл.

Сын сағатта елін қорғаған арда¬гер¬лерімізді құрметтеу – парыз. Ал бүгінде батырдың ерлігі ескерусіз қалмады. ІІІ дәрежелі Айбын ордені енді Рақымжан Қошқарбаев есімімен аталатын болды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version