Home Жаңалық Алматыда жастарға экологиялық білім беру жобасы іске қосылды

Алматыда жастарға экологиялық білім беру жобасы іске қосылды

0

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында өскелең ұрпақты табиғатқа жауапкершілікпен қарауға  бағытталған танымдық жоба іске қосылды.

«Жобаға қатысушылар тәжірибелі гидтердің жетекшілігімен экотуризм негіздері бойынша тегін оқудан өтуге, аймақтың бай биоәртүрлілігімен танысуға және оны сақтаудың тиімді әдістерін меңгеруге мүмкіндік алады», – деп хабарлады әкімдіктен.

Оқыту онлайн режимінде аптасына 3 рет 2 академиялық сағаттан жүргізіледі. Сондай-ақ курс бағдарламасы қатысушыларға ыңғайлы уақытта өз бетінше оқуға арналған «Экологиялық өмір салты», «Экомаршруттарда нені білу және не істеу керек», «Табиғат және адамдар» атты үш модульден тұрады.

Фото: Алматы әкімдігі

«Курсты аяқтағаннан кейін қатысушылар тәжірибелі гидтердің жетекшілігімен 14 мамырдан 30 шілдеге дейін үш практикалық оқу сапарына қатыса алады. Жоба аяқталғаннан кейін қатысушылар IRBIS ALMATY экотуристік сертификатын алады, ал олардың үздіктері 2024 жылдың қыркүйегінде өтетін туристік раллиде марапатталады», – деп хабарлады әкімдіктен.

«Алматы-2024» Альпиниада (turclub.kz) сайтында тіркеу ашық. Бастама экологиялық білім, экологиялық менеджмент және белсенді туризм саласындағы күш-жігерді біріктіруге арналған, оның негізгі мақсаты қоршаған ортамен жауапты және тұрақты өзара әрекеттесуге әзір көшбасшылардың жаңа буынын дайындау.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version