-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Атырауға өзге өңірлерден келген мұғалімдерге пәтер берілді

Былтыр Атырауға өзге өңірлерден 9 мұғалім келген. Оның ішінде 5 мұғалімге пәтер берілді.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, Үкіметтің «Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Атырау облысында жұмыс істеуге 9 педагог ниет білдірген. Мұғалімдер еліміздің әр өңірінен келген.

«Атырау облысындағы мектептерге жұмыс істеуге келген 9 мұғалімнің бесеуіне жаңа пәтердің кілті беріліп отыр. Мәселен, олардың арасында Батыс Қазақстан облысынан тарих пәнінің мұғалімі Айнагүл Ережепова, физика пәнінің мұғалімі Валентин Козлов, Шығыс Қазақстан облысынан тарих пәнінің мұғалімі Сымбат Қабышева, Ақтөбе облысынан Қайсар Нұртанов, бастауыш сынып мұғілімі Гүлүзім Амангелді бар. Қазір басқа өңірлерден келген мұғалімдердің алаңсыз жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалды. Оларға арнайы бағдарламаға сәйкес лауазымдық жалақысына 150 пайыз мөлшеріндегі қосымша ынталандыру ақысы төленіп отыр», -дейді Жасұлан Бисембиев.

Мәселен, Батыс Қазақстан облысынан келген Валентин Козлов Атырау қаласындағы Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейіне жұмысқа орналасқан.

«Біздің таңдаған мамандығымыз мұғалімдік болғандықтан, басты мақсатымыз – саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеу. Шәкірттеріміз үздік оқуымен танылып, түрлі сайыстардан жүлделі орындарды иеленсе, бұл біз үшін үлкен мәртебе болар еді. Атырауға осындай мақсатпен келген едік. Бізге жергілікті басшылар тарапынан баспана беріліп, үлкен қолдау көрсетіліп отыр», -дейді Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейінің мұғалімі Валентин Козлов.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...