12 C
Нур-Султан
03.06.2023

Оқу-ағарту министрі мектептер құрылысына әкімдер жауапты екенін еске салды

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа мектептердің уақытылы тапсырылуына әкімдердің жауапкершілігі бекітілгенін еске салды.

Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін Ғ.Бейсембаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаровпен өңірдегі мектеп құрылысы мәселесін талқылады.
Мәселен, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыс орталығы – Петропавл қаласында 4 жаңа мектеп салу көзделген. Білім ордаларын төрт шағын ауданда: Жас-Өркен, Орман, Қопай және Береке аудандарында салу жоспарланып отыр. Екі мектептің құрылысы биыл, тағы екеуі келесі жылы басталады. Оқу-ағарту министрі құрылыстың уақытылы басталып, дер кезінде аяқталуына баса назар аударды.
«Барлық мәселені дер кезінде және сапалы орындау қажет. Мектептердің уақытылы тапсырылуына әкімдердің жауапкершілігі бекітілгенін білесіздер. Жаңа мектептерде балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалуы қажет. Сонымен қатар Мемлекет басшысы өскелең ұрпақ тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету де маңызды», — деді Ғани Бейсембаев.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...