8 C
Нур-Султан
02.04.2023

Алдағы уақытта грант иегері атанғандардың барлығы шәкіртақы алмауы мүмкін

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек білім гранттарын бөлудің жаңа механизмін таныстырды. Оған сәйкес түлектер ҰБТ-да жинаған балына қарай оқу ақысына жеңілдік алады. Министрлік ұсынысына қарай гранттарды үш санатқа бөлген.

Біріншісі «Қамқор» деп аталады. Мұнда ҰБТ-да 50-ден 74 балға дейін жинағандар өтініш бере алады. Сәйкесінше түлек оқу ақысына 30-дан 50%-ға дейінгі жеңілдік алады

Келесі “Негізгі» пакет. Мұнда 74- 120 балға дейінгілер өтініш қалдыра алады. Мұнда оқу ақысының 100% мемлекет тарапынан төленеді.

Тестілеуден 120 балл жинаған түлектерге жоғары «Дарын» гранты берілмек. Дегенмен бұл грантты ұтуға тек қана ҰБТ балы емес, сонымен қатар республикалық, халықаралық олимпиадалар мен жарыстардағы жетістіктері ескерілетін болады.

t.me/stankznews

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Елімізде футбол менеджменті бойынша білім беру бағдарламасы іске қосылды

Алматы қаласында Қазақстан футбол федерациясы және Almaty Management University арасындағы меморандум аясында білім беру бағдарламасын іске қосуға байланысты ресми іс-шара өтті. Жобаның негізі мақсаты...

Коммерцияландыру бойынша ғылыми университеттер альянсы құрылды

Алматыда алғаш рет Industry Advisory Board форумы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – AlmaU-дың Технологияларды коммерцияландыру орталығы, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі. Industry Advisory Board (Салалық...

3 сәуірде республикалық ғылыми жобалар конкурсы басталады

Ағымдағы жылдың 3 - 7 сәуір аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткізіледі, деп хабарлайды «Дарын» РҒПО. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлануына...

Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді

Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді, енді Президенттің тікелей назарында болады. Бұдан бұлай Перзидент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы деп аталады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев...

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілмек

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі ықтимал. Тиісті Үкімет қаулысы көпшілік талқылауға шығарылды, деп хабарлайды QAZBILIM aқпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жаңа өзгеріске сай, енді...