8 C
Нур-Султан
02.04.2023

Халықаралық сертификаты бар түлектер ҰБТ-да шет тілінен емтихан тапсырудан босатылмақ

Ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификаты бар түлектер ҰБТ-да шет тілінен емтихан тапсырудан босатылады. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығында көрсетілген.

«Шет тілін (ағылшын) меңгергенін растайтын Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm, Internet-based Test, TOEFL Paper-based test, TOEFL pbt, International English Language Tests System, IELTS халықаралық сертификаттары бар тұлғалар қалауы бойынша ҰБТ-да «Шет тілі» (ағылшын) бейіндік пәнін немесе арнайы пәнін балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес босатылады. Олар білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысады және жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге қабылданады», — делінген жаңа редакцияда.

Бұл орайда, түлектердің аталған халықаралық сертификаттарында көрсетілген тіл меңгеру деңгейі балға ауыстырылады. Мәселен, IELTS дәрежесі 6.0 және одан жоғары болса, онда ҰБТ-дағы ағылшын бейіндік пәні бойынша балы 45-ке теңеседі. Егер оқушының TOEFL ibt сертификатынада көрсетілген балы 79 болса, бұл жағдайда ол ҰБТ-да 45 балға айналады.

Бұйрық 20 қаңтарға дейін ашық талқылауда болады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Елімізде футбол менеджменті бойынша білім беру бағдарламасы іске қосылды

Алматы қаласында Қазақстан футбол федерациясы және Almaty Management University арасындағы меморандум аясында білім беру бағдарламасын іске қосуға байланысты ресми іс-шара өтті. Жобаның негізі мақсаты...

Коммерцияландыру бойынша ғылыми университеттер альянсы құрылды

Алматыда алғаш рет Industry Advisory Board форумы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – AlmaU-дың Технологияларды коммерцияландыру орталығы, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі. Industry Advisory Board (Салалық...

3 сәуірде республикалық ғылыми жобалар конкурсы басталады

Ағымдағы жылдың 3 - 7 сәуір аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткізіледі, деп хабарлайды «Дарын» РҒПО. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлануына...

Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді

Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді, енді Президенттің тікелей назарында болады. Бұдан бұлай Перзидент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы деп аталады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев...

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілмек

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі ықтимал. Тиісті Үкімет қаулысы көпшілік талқылауға шығарылды, деп хабарлайды QAZBILIM aқпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жаңа өзгеріске сай, енді...