-3 C
Нур-Султан
22.03.2023

Маңғыстауда болашақ дәрігерлерді даярлауға көп грант бөлінуде

Былтыр Маңғыстауда білім және медицина салаларындағы кадр тапшылығын жабу үшін 175 білім гранты бөлінді.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, жыл сайын Маңғыстау облысында басым мамандықтар бойынша арнаулы дайындыққа жергілікті бюджеттен білім гранты бөлініп, конкурстық негізде тағайындалады.

Бұл гранттың басым бөлігі халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан түлектерге беріледі.

Биылғы оқу жылында жергілікті бюджеттен еліміздің 18 университетінде білім алуға 175 грант бөлінді.

Келесі оқу жылында қандай бағыттар бойынша гранттар бөлінетіні туралы 2023 жылдың көктемінде өтетін конкурстық комиссияның отырысында облыстың сала басқармаларының сұранысы негізінде шешіледі.

Жергілікті бюджеттен бөлінген білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін түлектер облыстық білім басқармасында құрылған қабылдау комиссиясына өтінім тапсырады.

Грантты тағайындау бойынша шешімді әкімшілік жанындағы арнайы комиссия қабылдайды. Еліміздегі жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.

Өткен оқу жылында Маңғыстауда 175 түлек жергілікті бюджеттің есебінен ЖОО-ға түсті.

2018 жылдан бері 600 студент еліміздегі маңдайалды университеттерде кәсіби білім алып жүр. Кейін олар оқуын тәмамдаған соң Маңғыстау аймағында қызмет ететін болады.

Аймақтағы денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығы ескеріліп, 2022 жылы облыс әкімі грантының 85,7 пайызы «жалпы медицина» мамандығына бөлінді.

Атап өтер болсақ, 2018 жылы — 150 бакалавриат, 25 магистратураға, 2019 жылы — 165 бакалавриат, 10 магистратураға, 2020 жылы — 170 бакалавриат, 5 магистратураға, 2021 жылы — 165 бакалавриат, 10 магистратураға және 2022 жылы – 175 бакалавриатқа грант бөлінді.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...