17 C
Нур-Султан
09.06.2023

«Мен өз тәжірибемнен балаларды оқуға мәжбүрлеуге болмайтынын айта аламын» Министр Аймағамбетов

Қазақ елінің Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов өз перзенттерін қалай кітап оқуға баулып, оларға қалай бағыт-бағдар бергені хақында сөз етті. Сонымен қатар, ұлттың жетекші ұстазы парасатты қоғам қалыптастырудың басты кілті — жаппай кітап оқу мәдениеті екендігін өз мысалында айғақтады. 

Қазақ елінің оқу-ағарту министрі кітап оқу мәдениетінің тал бесіктен бастап қалыптасатыцндығын жеткізді. Өз жазбасының беташарында бұл жайлы:

Балалық шағымнан қалған естеліктердің бірі — үйдегі кітаптарға толы үлкен сөрелер мен алуан түрлі әдебиеттер. Үйде кітаптардың белгілі бір сериясына жазылу немесе кезекті рет оқылған кітаптар туралы сондай мақтанышпен, қызығушылықпен айтылғаны әлі есімде. Осыдан болар менің де үйдегі кітаптарды қайта оқып шыққаным таңқаларлық емес. Ал кейінірек аудандық кітапхананың тұрақты оқырманы атандым. Бала кезімде «тамақ ішіп отырғанда кітап оқымау керек» деген ескертуді жиі еститінмін, -деп жазды.

Министр бұл игі құбылысты өз шаңырағында дәстүрге айналдырғанын жеткізді. Министрден бөлек, қарапайым отағасы, әке ретінде өз перзенттерін жата-жастана кітап оқуға қалай баулығанын тарқатып айтты.

— Өзім әке атанғанымда балаларыма алдымен ертегі оқып бердім, кейін үлкен ұлым өзі оқи бастады. Ертегілер мен шағын әңгімелерден бастап, шытырман оқиғалар, ғылыми фантастика және көркем емес фантастика сынды жанрларға біртіндеп көштік. 5-сыныптан бастап ұлым жылына 30-50 кітап оқитын болды. Сол кезде мен де ұлыма кешкі ас кезінде «кітап оқыма» деп ескерту жасай бастадым. Балабақшаға барып жүрген кенже балам ертегілерді, әсіресе, «Еркетай» мен «Жәнібек» туралы заманауи қазақ комикстерін тыңдағанды ұнатады, – дейді Асхат Аймағамбетов.

Асхат Аймағамбетов өз балаларын кітап оқуға еш мәжбүрлемеген. Кітап оқу — қысыммен емес, қызығушылықпен қалыптасатын дағды. Оның айтуынша, бала көргенін істейді. Сондықтан, ата-ананың кітап оқығаны лазым.

«Мен өз тәжірибемнен балаларды оқуға мәжбүрлеуге болмайтынын айта аламын. Балаларға қысым көрсетпей, керісінше жеке мысалмен оқуға деген сүйіспеншілікті ояту қажет. Бала ата-анасының кітап оқып отырғанын көруі керек. Сонда ғана қызығушылық пайда болады. Кітаптар баланың мінезіне және құндылықтарының қалыптасуына әсер ететінін де ескерген жөн. Оң сюжеттік желісі бар кітаптар жақсы әдеттерге баулып, дұрыс тәрбие береді. Сол себепті балаларды қолдау, кітап оқуға баулу, оларға кітап сатып алып беру, кітап көрмелеріне бірге бару өте маңызды», – дейді бас ұстаз.

Сонымен қатар, министр барлық талапкерлерді кітаппен дос болуға шақырды.

— Мереке қарсаңында осы жазбаны оқитын ата-аналарға балаларға қызықты кітап оқуға кеңес беруді ұсынар едім. Олардың кітап әлеміне жасаған саяхаты қызықты болсын! Барлық оқушыны кітап оқуға көбірек уақыт бөлуге шақырамын. Өйткені, білім – ең құнды байлық, – дейді Асхат Аймағамбетов.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ақмолада 6 балабақша, 14 мектеп салынып жатыр

Ақмола облысында 85 мектептің жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан 8,6 млрд теңге бөлінді. Облыстағы білім ордаларының жай-күйі туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді. Оның айтуынша,...

Су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді

Су саласында сұранысқа ие пәндер бойынша жоғары білім алу үшін білім беру гранттарының санын ұлғаяды. Мұндай бастама Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға...

Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді

Түлек оқу бітірген соң Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады. Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін...

Ел мектептеріне енгізілуі мүмкін экология бағытындағы оқулық әзірленіп жатыр

Елордада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» жобасының іске асырылу барысы баяндалған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға экологтар, қаланың...

Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қазақстанда шахматты дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты. «Біз 2016...