Home Жаңалық 6 жасқа толып үлгермеген баланы мектептер қабылдай ма?

6 жасқа толып үлгермеген баланы мектептер қабылдай ма?

0

6 жасқа толып үлгермеген баланы мектептер қабылдай ма? Астанадағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиевке осындай сұрақ қойылды.

«Егер бала осы 2024 жылдың аяғына дейін 6 жасқа толатын болса, бірінші сыныпқа беруге болады», — деп жауап берді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, ол мұндай балалардың балабақшада қала беруіне де болатынын айтты.

«Иә, ондай балалар балабақшада қала бере алады. Алтыға толып үлгермесе, онда мектепке даярлық балабақшада жалғастыра алады», — деді Қасымхан Сенғазиев.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version