-18 C
Нур-Султан
09.02.2023

Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар анықталды

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» сарапшылары 2023-2030 жылдары сұранысқа ие болатын мамандықтарды атады, деп хабарлайдыЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Сарапшылар 25 мамандыққа тоқталды. Олар:

  • Бухгалтерлер — 92 мың адам;
  • Күзетшілер, инкассаторлар және соған байланысты кәсіптер — 77,8 мың адам;
  • Дүкен сатушылары мен олардың көмекшілері — 70,2 мың адам;
  • Әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері — 45,2 мың адам;
  • Автокөлік жүргізушілері — 45,1 мың адам;
  • Адам күтімі бойынша орташа медициналық персонал — 40 мың адам;
  • Жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері — 37,9 мың адам;
  • Мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешілер — 36,1 мың адам;
  • Қонақүйлер мен соған ұқсас мекемелердегі тазалаушылар мен қызметшілер — 34,6 мың адам;
  • Бастауыш сынып мұғалімдері — 32,3 мың адам;
  • Кеңсе тазалаушылары — 25,3 мың адам;
  • Шаштараздар — 24,6 мың адам;
  • Орта мектеп мұғалімдері — 23,2 мың адам;
  • Кеңсе қызметкерлері (жалпы бейіні) — 22,1 мың адам;
  • Көшелер мен базарлардағы саудагерлер — 21,7 мың адам;
  • Ғимарат күзетшілері — 20,6 мың адам;
  • Аспаздар — 20,5 мың адам;
  • Басқа біліктілігі жоқ жұмысшылар — 20,2 мың адам;
  • Аралас өнім өндіретін фермерлер мен жұмысшылар — 19,8 мың адам;
  • Дәстүрлі тәсілмен көкөніс өсіретін фермерлер мен жұмысшылар — 19,6 мың адам;
  • Жүк көлігінің жүргізушілері — 17,8 мың адам;
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде біліктілігі жоқ жұмысшылар — 16,6 мың адам;
  • Ашық аумақтарды тазалаушылар — 16,5 мың адам.;
  • Жылжымайтын мүлік және басқа да мүлік операциялары жөніндегі агенттер — 16,2 мың адам;
  • Штаттық заңгерлер — 15,2 мың адам.

Сарапшылардың қорытындысына қарағанда, Қазақстанда әкімшілік саласындағы қызметкерлер, жеке тұтыну үшін өнім өндіретін ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және балық шаруашылығы фермерлері, қолөнершілер, полиграфия және картография бойынша жұмысшылар, өнімді жинаушылар мен сынаушылар, аңшылар мен орман және балық шаруашылығы өндірісінің жұмысшылары топтарында тапшылық байқалмайды.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

7 мыңға жуық мектеп пен колледжге буллингтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлағандай, еліміздің бірнеше өңірінде балаларды жәбірлеудің (буллинг) алдын алу және білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмыс принциптері...

«Өліммен бетпе-бет келдік»: қазақстандық студент Түркиядағы жағдай туралы айтып берді

Нұрболат Кәрібай – қазір Түркияның Кайсері қаласында білім алып жүрген студенттің бірі. Анадолы жерінде отбасымен тұрып жатыр. Ол қаладағы жағдайды түсіндіріп өтті. «Түркияның Кайсері қаласында...

Атырау университетінде онлайн курс және вебинарлар жазу студиясы ашылды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Жаппай ашық онлайн курсы (MOOC) оқыту әдістемесі аясында онлайн курстар мен вебинарларды жазу бейнестудиясы мен IT сыныптары ашылды. «Бұл кабинет, біріншіден,...

«Сауатым жоқ»: 42 жастағы әріп танымайтын келіншек «Әліппені» оқып жүр

Алматы облысында пәтер жалдар тұратын Талғат Кәстекбаев пен Жаңакүл Көшербаеваның үш баласы бар. Олар күн салқында киетін аяқ киім таба алмай, мектепке бара алмай...

Қазақстандық ЖОО-лар Түркиядағы студенттерді қабылдауға дайын – министрлік

Қазақстандық жоғары оқу орындары Түркияда оқып жатқан ел азаматтарын және қандастарды қабылдауға дайын. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «ҚР Түркиядағы елшілігінің...