8 C
Нур-Султан
02.04.2023

33 мыңнан астам қазақстандық білім алушы «PISA» зерттеуіне қатысты

Қазақстандағы 1 мың мектеп пен колледж Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының PISA-based Test for Schools — «Мектептерге арналған PISA» халықаралық салыстырмалы зерттеуіне қатысты. Зерттеу 15 жас аралығындағы оқушылардың білімі мен машығын үш бағыт бойынша бағалайды: оқу, математика, жаратылыстану.

Сонымен қатар зерттеу оқушылардың оқу үлгеріміне әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оған еліміздің барлық аймағынан 33 мыңнан астам қазақстандық білім алушы қатысты. Зерттеу нәтижесі келесі жылдың 2-тоқсанында белгілі болады.

2021 жылы «Мектептерге арналған PISA» зерттеуі Қазақстанда валидация кезеңінен сәтті өтті. Ол кезде апробацияға еліміздің 200 мектебі қатысқан еді. Апробациялық зерттеу нәтижелері бойынша жеке және топтық есептер жасалып, зерттеуге қатысқан барлық мектепке ұсынылды.

«Мектептерге арналған PISA-ның» елдерге арналған дәстүрлі PISA-дан айырмашылығы – оның жеке мектеп деңгейінде сыртқы бағалауды жүргізуі. Зерттеу нәтижелері бойынша білім беру ұйымдары еліміздің басқа мектептері мен колледждерімен салыстырғанда оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейі және PISA негізгі зерттеуіне қатысушы елдердің орташа ұпайы туралы талдамалық есеп алады. Зерттеу әрбір мектептің немесе колледждің мықты және әлсіз тұстарын анықтауға, алынған мәліметтер негізінде білім сапасын арттыру шараларын қабылдауға мүмкіндік береді», — дейді Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Елімізде футбол менеджменті бойынша білім беру бағдарламасы іске қосылды

Алматы қаласында Қазақстан футбол федерациясы және Almaty Management University арасындағы меморандум аясында білім беру бағдарламасын іске қосуға байланысты ресми іс-шара өтті. Жобаның негізі мақсаты...

Коммерцияландыру бойынша ғылыми университеттер альянсы құрылды

Алматыда алғаш рет Industry Advisory Board форумы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – AlmaU-дың Технологияларды коммерцияландыру орталығы, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі. Industry Advisory Board (Салалық...

3 сәуірде республикалық ғылыми жобалар конкурсы басталады

Ағымдағы жылдың 3 - 7 сәуір аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткізіледі, деп хабарлайды «Дарын» РҒПО. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлануына...

Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді

Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді, енді Президенттің тікелей назарында болады. Бұдан бұлай Перзидент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы деп аталады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев...

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілмек

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі ықтимал. Тиісті Үкімет қаулысы көпшілік талқылауға шығарылды, деп хабарлайды QAZBILIM aқпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жаңа өзгеріске сай, енді...