-18 C
Нур-Султан
09.02.2023

14 жастағы қазақстандық Еуропада үздік жас теннисші атанды

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Еуропа теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» аталымымен марапатталды.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 14 жасар Заңғар жылды Еуропадағы үздік 10 теннисшінің қатарында аяқтады.

Биыл Заңғар Нұрланұлы жекелей және жұптық сында екі реттен жарыс жеңімпазы атанды. Оған қоса Франциядағы беделді турнирдің финалына дейін жетті.

«Аталған марапатты алғаныма өте қуаныштымын. Жыл бойы жақсы өнер көрсетуге тырысып, әр додаға бар күшімді салдым. Өз бапкерлерім мен үлкен қолдау жасаған Қазақстан теннис федерациясына алғысымды айтқым келеді. Алдағы жылы маған жасөспірімдер арасындағы ITF турнирлерінде ойнауға тура келеді. Онда да намысты қолдан бермеймін», — деді Заңғар Нұрланұлы.

Өткен жылы осы аталым бойынша тағы бір қазақстандық Зара Дәркен үздік шыққан болатын.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

7 мыңға жуық мектеп пен колледжге буллингтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлағандай, еліміздің бірнеше өңірінде балаларды жәбірлеудің (буллинг) алдын алу және білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмыс принциптері...

«Өліммен бетпе-бет келдік»: қазақстандық студент Түркиядағы жағдай туралы айтып берді

Нұрболат Кәрібай – қазір Түркияның Кайсері қаласында білім алып жүрген студенттің бірі. Анадолы жерінде отбасымен тұрып жатыр. Ол қаладағы жағдайды түсіндіріп өтті. «Түркияның Кайсері қаласында...

Атырау университетінде онлайн курс және вебинарлар жазу студиясы ашылды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Жаппай ашық онлайн курсы (MOOC) оқыту әдістемесі аясында онлайн курстар мен вебинарларды жазу бейнестудиясы мен IT сыныптары ашылды. «Бұл кабинет, біріншіден,...

«Сауатым жоқ»: 42 жастағы әріп танымайтын келіншек «Әліппені» оқып жүр

Алматы облысында пәтер жалдар тұратын Талғат Кәстекбаев пен Жаңакүл Көшербаеваның үш баласы бар. Олар күн салқында киетін аяқ киім таба алмай, мектепке бара алмай...

Қазақстандық ЖОО-лар Түркиядағы студенттерді қабылдауға дайын – министрлік

Қазақстандық жоғары оқу орындары Түркияда оқып жатқан ел азаматтарын және қандастарды қабылдауға дайын. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «ҚР Түркиядағы елшілігінің...