17 C
Нур-Султан
09.06.2023

Қазақстанда қандай мамандық иелері тапшы

Елімізде қазір қай мамандық иелері тапшы және болашақта қандай мамандар сұранысқа ие болады? Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов мәлім етті.

«Жалпы, еңбек нарығы жылдам өзгереді. Ол экономика және технологияның дамуымен байланысты. Өздеріңіз білетіндей, пандемия кезінде еңбек нарығы күрт өзгерді. Пандемияға дейін үйде отырып жұмыс істейміз деп кім ойлапты? Сондықтан, біз еңбек нарығында қандай мамандықтар сұранысқа ие немесе тапшы екенін қадағалаймыз. Статистика бар. Қазір елімізде мектепке дейінгі білім беру ұйымы мамандары және мектеп мұғалімдері тапшы. Себебі, жыл санап ашылып жатқан балабақшалар мен мектептердің саны артып келеді. Екіншіден, ауыл шаруашылығы саласы мамандары тапшы», — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов ОКҚ-де өткен брифингіде.

Одан бөлек, вице-министр елімізде IT және құрылыс мамандарының да тапшы екенін тілге тиек етті.

«Біздің министрлік жаңа мамандықтар атласын жасады. Оған сәйкес алдағы жылдары киберқауіпсіздік, денсаулық сақтау, өнер және білім беру мамандары сұранысқа ие болады», — дейді ол.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ақмолада 6 балабақша, 14 мектеп салынып жатыр

Ақмола облысында 85 мектептің жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан 8,6 млрд теңге бөлінді. Облыстағы білім ордаларының жай-күйі туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді. Оның айтуынша,...

Су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді

Су саласында сұранысқа ие пәндер бойынша жоғары білім алу үшін білім беру гранттарының санын ұлғаяды. Мұндай бастама Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға...

Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді

Түлек оқу бітірген соң Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады. Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін...

Ел мектептеріне енгізілуі мүмкін экология бағытындағы оқулық әзірленіп жатыр

Елордада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» жобасының іске асырылу барысы баяндалған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға экологтар, қаланың...

Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қазақстанда шахматты дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты. «Біз 2016...