2023 жылғы қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш беру app.testcenter.kz сайтында 20 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында жүргізіледі.
⏳Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.
✅Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:
1️⃣қалауы бойынша жоо-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
2️⃣Жоо-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейіндік пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;
3️⃣Жоо-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар;
4️⃣Жоо-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.
Тестілеуге қатысу құны – 4230 теңге.
‼️Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін ОРЫНДЫ, КҮНДІ және УАҚЫТТЫ өз еркілері бойынша таңдайды.
❓Қосымша сұрақтарыңыз бойынша келесі нөмірлерге хабарласуға болады: +7 (7172) 69 52 80, 69 50 96.
Үлкен рахмет сіздерге
Спасибо
Жоғары оқу орындарына арнаулы білім алған студенттерді қабылдауға өзгеріс енгізу керек. Себебі ескі бағдарламамен білім алған кешегі оқушы бүгінгі өтіп жатқан бағдарламадан алшақтап қалған. Оның үстіне арнаулы мамандық иесі сол білімді жоғарылату үшін басқаша талап керек екенін ескеру маңызды. Мектеп бағдарламасымен ЖОО-на дайындалу оңай емес.
Үлкен рахмет сіздерге
неге ақылы,тегін емес
Сәтті болсын
Рақмет сіздерге
Не себепті кымбаттаған? Себеп не? Онсыз да тегін тапсырып жүрген жоқ еді!!!
Бұл тест грантқа түсуге жарамайма, тек ақылы оқитындарға ма.
Педагогтар санатына байланысты тест қашан басталады?
Рахмет. Алғысым шексіз
Ендігі ақылы оқуға,тестілеуге қашан өтініш беруге болады???Сайт қашан ашылады???