03.05.2024

2015 жылдың 1 қаңтарынан жоғары санаттағы мұғалімдер жалақысы 91 мың 494 теңгені құрайды

 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі жоғары санатты мұғалімдердің жалақысы 91 мың 494 теңгені құрайтын болады. Бүгін Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева осылай мәлім етті.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Жолдауда жүктеген тапсырмасына сәйкес, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтық қызметкерлерге жалақы төлеудің жаңа жүйесін әзірлеген болатын. Осыған орай, жауапты хатшы азаматтық қызметшілерге жалақы төлеудің қолданыстағы жүйесі мен жаңа жүйенің ерекшеліктеріне тоқталып өтті. «Айталық, білім беру саласында жоғары санаттағы мұғалімдердің жалақысы биылғы жылдың 1 қаңтарында үстемеақысыз, негізгі бөлігі 68 мың 664 теңге болды. Ал 1 сәуірдегі 10 пайыздық өсімнен кейін олардың жалақысы 73 мың 761 теңгені құрады. Яғни, бұл жоғары санаттағы мұғалімнің негізгі жалақысы, бұған үстемеақылардың қосылатынын ескеру керек. Ал ұсынылып отырған жаңа жүйеге келсек, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғары санаттағы мұғалімнің негізгі жалақысы 91 мың 494 теңгені құрайтын болады. Бұл — негізгі жалақы, оған үстемеақы қосылады», — деді А. Құрманғалиева. Оның айтуынша, жаңа жүйеге сәйкес, мұғалімдер жалақысы 33 пайызға өсетін болады. «Осылайша, Елбасының мұғалімдер жалақысын көтеру туралы тапсырмасы келер жылдан бастап жаңа жүйеге сәйкес, жүзеге асатын болады», — деді Жауапты хатшы.

Қанат Мәметқазыұлы

http://www.inform.kz/

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА