-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

ЖОО студенттерінің шәкіртақысы 2025 жылға дейін 2 есе ұлғаяды — министрлік

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЖОО студенттерінің стипендиясы 2025 жылға дейін 2 есеге ұлғайтылады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram каналы.

Ондағы деректерге қарағанда, министрліктің 2026-2030 жылдар аралығындағы жұмысы осы тапсырма шеңберінде жалғасады.

Барлық студенттерге білім алу үшін қажетті әлемдік цифрлық ресурстарға қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Өткізілген жұмыс қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларына енгізу үшін өзекті курстар іріктелді. 654 Coursera курсы мен 650 білім беру бағдарламаларының тізімі жасалды және ол 1500 пәнге қолданылуы мүмкін.

«Студенттік жатақханалар салу кезінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімін 8 жылдан 6 жылға дейін қысқарту және жатақханадағы бір орынға мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін 122 АЕК-тен 195 АЕК-ке дейін, Алматы қаласы үшін 144 АЕК-тен 230 АЕК-ке дейін ұлғайту арқылы қолданыстағы мемлекеттік-жеке әріптестік тетігін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде»,-делінген хабарламада.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...