20 C
Нур-Султан
03.06.2023

Ғылым мен білім саласын цифрландыру қарқыны қандай – вице-министр жауабы

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатов цифрлық экожүйе арқылы ғылым мен білім саласын қалай жетілдіруге болатынын айтты.

«Цифрландыру бойынша негізгі бастамаларды орындау мақсатында министрлік тиісті жұмыстар жүргізуде. Бұл бағыттағы басымдық ғылым мен жоғары білімнің сапалы цифрлық экожүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретін бастамаларға беріледі. Атап айтқанда, қазіргі кезде қолданыста отырған барлық ақпараттық жүйелерді бірізгілендіру», — деді Камиль Ақатов.

Оның айтуынша, экожүйе платформасын құра отырып, жоғары білім беру жүйесінің деректер мұрағатын қалыптастыруға болады. Сондай-ақ, енгізілетін жаңашылдықтар арқылы министрлік жоғары білім және ғылым саласына жасалатын мониторингі қызметін жетілдіруге мүмкіндік алмақ.

Қоса кетсек, бұған дейін вице-министр еліміздегі бір жоғары оқу орнының базасында «Цифрлық университет» моделін енгізу бойынша айрықша жоба іске асырылатынын айтқан болатын.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...