-18 C
Нур-Султан
07.12.2023

Мектептердегі қауіпсіздікке назар аудармағандар жұмыстан шығады -Асхат Аймағамбетов

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аппарат кеңесінде мектептерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

«Білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты нысандарды бейне бақылау жүйесімен, лицензияланған күзетпен, дабыл жүйесімен және турникеттермен жабдықтау ескерілген. Ірі қалалардағы орта білім беру ұйымдары бойынша республика аумағында 1351 нысан қамтылған. Мамандандырылған күзет қызметтерімен 83 пайызы шарт жасасқан. Бұл тұрғыда ең төмен көрсеткіш Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында байқалып отыр. Сонымен қатар, турникеттердің орнатылуы 63 пайыз деңгейінде. Осы бағытта ең төмен көрсеткіш Алматы қаласы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді», — деді Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев.

Оның айтуынша, ел аумағындағы орта білім беру ұйымдарының 97 пайызында дабыл түймелері орнатылған.

«Жалпы, білім беру мекемелерінде бейне бақылау жүйесі 100 пайыз орнатылған. Дегенмен олардың ішкі істер органдарының жедел басқару орталығына қосылуын қамтамасыз ету деңгейі еліміз аумағында 51 пайызды құрады. Бұл бағытта ең төмен көрсеткіш Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарында байқалып отыр. Осы орайда білім беру ұйымдарындағы осы жағдайға назар аудару керек», — деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, жыл соңына дейін аталған мәселені шешу керек. Бұл жұмыстар кәмелекетке толмағандардың құқықтарын қорғауға, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов кейбір өңірлердің әкімдіктері, білім басқармалары бұл мәселені тиісті деңгейде бақыламай отырғанын айтты.

«Сондықтан бұл жұмысқа жауапты адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныс жасаймыз. Үкіметтің деңгейінде осы мәселені көтереміз. Жылдың соңына дейін аталған міндеттер орындалмаса, жауапты қызметкерлерді жұмыстан шығаруды талап етеміз. Балалардың қауіпсіздігіне баса назар аудару керек», — деді министр.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп директоры штатты өз еркімен өзгерте алады – заң

Білім бері ұйымдарының еркіндігі кеңейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...

Министр Ғани Бейсембаевтың отставкаға кетуін талап етеміз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТОҚАЕВ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОШАНОВ ЕРЛАН ЖАХАНҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМДЕРІНЕН АШЫҚ ХАТ Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! «Халық түзелуінің үміті жастарда, сондықтан...

Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріледі

Енді отандық ғалымдар ғылыммен айналысу үшін демалыс ала алады. «Ғылыммен айналысу үшін демалыс беру әлемде бар тәжірибе. Көп елдерде ғылым саласында 10 жылдан астам жұмыс...

Түркістан облысының ұстаздары Токиода тәжірибеден өтіп жатыр

Түркістан облысындағы үздік деп танылған 15 оқытушы Токиодағы білім саласының барысын зерттеп, тың тәжірибелермен танысуда. Жоба Жапония мемлекеті Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат...

Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім ошағының іргетасы қаланды

Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 300 орындық мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850...