17 C
Нур-Султан
09.06.2023

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

4 мыңнан астам адам магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1-18 қараша аралығында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүзеге асырылды.

Қараша айында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 9 мыңнан астам өтініш қабылданды. Емтихан бүгін басталып, 1 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) жалғасады.

Магистратураға түсу форматына келетін болсақ, биыл ешқандай өзгеріс жоқ. Сондай-ақ онлайн-апелляция беруге болады. Техникалық ақаулықтар туындаған жағдайда оқуға тапсырушы апелляцияға тестілеу кезінде, ал тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда емтихан аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде береді. Апелляция қарастырылған соң сертификат оқуға түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

«Ғылыми-педагогикалық сала бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар оқуға түсушілер шет тілі бойынша тест тапсырудан босатылады», – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Шеткі балдар өзгеріссіз қалды: ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін 75 балл, бейіндік магистратураға түсу үшін 50 балл жинау қажет.

Жаздағы тестілеуде ережені бұзғаны үшін тестілеуге жіберілмеген, сондай-ақ нәтижелері жойылған тұлғалар кешенді тестілеуге қайта қатысуға жіберілмейтінін атап өткен жөн.

Магистратураға түсушілер 4 мыңға жуық мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ақмолада 6 балабақша, 14 мектеп салынып жатыр

Ақмола облысында 85 мектептің жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан 8,6 млрд теңге бөлінді. Облыстағы білім ордаларының жай-күйі туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді. Оның айтуынша,...

Су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді

Су саласында сұранысқа ие пәндер бойынша жоғары білім алу үшін білім беру гранттарының санын ұлғаяды. Мұндай бастама Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға...

Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді

Түлек оқу бітірген соң Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады. Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін...

Ел мектептеріне енгізілуі мүмкін экология бағытындағы оқулық әзірленіп жатыр

Елордада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» жобасының іске асырылу барысы баяндалған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға экологтар, қаланың...

Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қазақстанда шахматты дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты. «Біз 2016...