16 C
Нур-Султан
25.09.2023

Дипломмен ауылға: Шекараға жақын ауылдарға баратын мамандардың жәрдемақысы өседі

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ауылға баратын жас мамандарға берілетін несие сомасы өсетінін айтты.

«Дипломмен ауылға» жобасы да жалғасып келеді. Біріншіден, ауылға баратын жас мамандарға үй алуға немесе жаңадан үй салуға берілетін несие сомасын өсіреміз деп жоспарлап отырмыз. Ол қазір 1 500 айлық есептік көрсеткішке тең. Енді, аудан орталығына 2 500 АЕК-ке дейін, ауылдар мен кенттер үшін 2 000 АЕК-ке дейін асырмақпыз. Екіншіден, шекараға жақын ауылдарға баратын жас мамандарға көтерме жәрдемақы бар. Қазір ол 100 АЕК болса, соны 200 АЕК-ке дейін өсіреміз», — деді Р. Скляр.

Оның айтуынша, бұл жобаға аудандық маңызы бар қалалар да қосылады.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Астанада мектеп директорының үстінен іс қозғалды

Оқушы баспалдақтан құлаған мектеп директорына қылмыстық іс қозғалды. «Анасымен хабарласып отырмын. Қазіргі уақытта баланың жағдайы, орташа ауырлық деңгейінде, жақсарып келеді. Ақыл-есін біледі. Сұраққа жауап береді,...

Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпиондары белгілі болды

Алматыда қыркүйектің 21-24 аралығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) тұңғыш рет әлем чемпионаты өтті. Жарыс жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысқан Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті...

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...